Болат Өтебаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Өтебаев (1936, Атырау облысы) - Арман (1991) және Қарашығанақ (2001) мұнай, газ көздерін алғашқы ашқан ізашар.
Өмірбаяны
- 1959-1961 жж. - оператор, Құлсары МКБ мұнай өндіру жөніндегі шебер.
- 1961-1996 жж. - бұрғышы шебер, бас инженер, мұнайбарлау учакесінің бастығы, өте терең бұрғылау Биік жал экспедициясының бас инженері, Оңтүстік-Ембі МБЭ және «Маңғыстаумұнайгазбарлау» КЭ бастығы; «Қазмұнайгазгеология» өндірістік-геологиялық бірлестігінің бас инженері.
- 1997-2001 жж. - жер қойнауын қорғау және пайдалану Атырау облыстық мемлекеттік инспекциясының бастығы.
- 2001 ж. бастап - зейнеткер.
- 2004 ж. бастап «Мұнайшы» қоғамдық қорын аймақтық үйлестіруші.
Марапаттары
- «Құрмет белгісі» ордені
- медалдар.
- КСРО жер қойнауларын үздік барлаушы
- ҚР жер қойнауларын үздік барлаушы.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}