Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Сурет:Қарашығанақ МГКf.jpg
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны

Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны - Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979 жылы ашылған.

Жатыс сипаты

Көтерілім құрылғының биіктігі 1700 м, аумағы 16×29 км. Кен шоғыры мұнайлы, газды, конденсатты. Газконденсатты бөлігінің биіктігі 1420 м, мұнай қабатының қуаты 200 м. Биогермдік және биоморфты-детритті әктас, доломит, т. б. әр түрлі ауыспалы жыныстары өнімді деп саналады. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-ұралы типті. Кеуектілігінің орташа шамасы мұнайда 9,4%, газконденсат бөлігінде 10,7%. Газға қаныкқан резервуарлық бөлігінің орташа өткізгіштігі 0,08 мкм2, мұнайға қаныққан бөлігінікі 0,05 мкм2. Газға қаныққан коллекторының орташа пайдалы қалыңдығы 200 м, қаныққан мұнайдыкі - 45,7 м. Пермьдік бөлігінің газбен қаныққан коллекторы 0,90, тас көмір бөлігінікі 0,89. Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,92-ге тең.

Геологиялық құрылымы

Кен орының жабындысы - кун-гур ярусының ирень свитасындағы галит қабатынан тұрады. Тұз-күмбезді тектоникалық өрекеті пайда болған беткі қабатын жоғары пермьнің дара ярусының терригенді-галогенді қабаттары жапқан. Кен шоғыры шегі - 3526 м тереңдікте. Газды-мұнайлы жапсары 4950 м-де байқалған, сулы-мұнайлы жапсары 5150 м. Пермьдік бөлігіндегі газконденсаттың бастапқы орташа қысымы 53,8 МПа, тас көмірлі қабатында 56,7 МПа. Қабаттардағы температура 67-89°С. Пермь бөлігіндегі конденсаттың орташа қысымы 486 г/м3, тас көмір қабатында 644 г/м3. Газдың дебиті тәулігіне 590 мың м3-ді көрсетті, концентта 500 мың м3, мұнайдыкі 326 м3.

Мұнай құрамы

Кен орнының мұнайлы бөлігін қасиетіне қарап оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс деп бөледі. Оңтүстік-батысының мұнайы ауыр (орташа тығыздық 861 кг/м3). Ондағы газдың орташа мөлшері 520 м3/м. Солтүстік-шығыс алаңындағы мұнай жеңіл (орташа тығыздық 830 кг/м3). Мұнда газдың құрам мөлшері 900 м3-ге жетеді. Конденсаттың тығыздығы 778-ден 814 кг/м3.

Конденсат құрамы

Конденсатта парафиннің мөлшері 1,8-3,0%, шайырлығы 1,0-1,7%, күкірттілігі 0,55-2,16%, меркаптандар үлесі 0,09-0,26%. 200°С-қа дейінгі температурада булануға ұшырайтын фракциялар 39-52%-і құрайды, 300°С-қа дейінгілері 60-77,5%. Конденсаттағы нафтен мөлшері 21,0-44,77% және ароматтылығы 6,2-13,6% жағдайында көміртекті метан қатары 49-68%-і құрайды. Мұнайдың тығыздылығы 8-10-нан 888 кг/м3-ге ауытқиды. Онда күкірттің мөлшері 0,54-1,98%, парафині 3,71-6,64%, асфальтендер 0,07-0,71%, 200°С-қа дейінгі температурада буланып кететін фракция мөлшері 20-43%, 300°С-қа дейінгісі 38-60%. Конденсаттағы сияқты мұнайда да метанды көмірсутектің үлесі басым.

Газдың құрамы

Қабатты газдың құрамы: метан — 70,6%, этан — 6,1%, пропан 2,9%, бутан 1,8%, пентан және т. б. ауыр көмірсутектер 8,5%, азот 0,7%, күкіртті сутек 3,5%, екі тотықты көміртек 5,6%, меркаптандар 0,07%. Мұнайдағы ерітілген газ құрамында метан 69,8%, этан 9,0%, пропан 4,2%, бутан 2,8%, пентан 1,5%, азот 0,9%, күкіртті сутек 5,0%, екі тотықты көміртек 6,1%, меркаптандар 0,03%.

Табан суының құрамы

Кен орнының табан суы өте қатты минералданған, жоғары сульфатты қабаты тұздықсулы хлоркальций типті. Құрамында сирек элементтер мөлшері жоғары. Минералдық 112-159 г/л. Негізгі кен шоғырларынан басқа Қарашығанақ мұнай-газ конденсат орындағы кунгур ярусының филиппин горизонты мен ирень свитасын жауып жатқан шөгінділерде де аз мөлшерде көмірсутек шоғырлары кездеседі. Олардың басым көпшілігі өндірістік іздестіру-барлау сатысында. Кен орнындағы газ қоры 1317,4 млрд м3-ді құрайды (1995). Мұнда бастапқы қордың 2%-ке жуығы ғана өндірілген. Кен орнында Қазақстандағы газконденсаттың 91%-і, газдың 66%-і шоғырланған<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер