Арман мұнай-газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арман мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 200 км жерде орналасқан. 1979 жылы ашылған. Оған 1979-1988 жылдары іздеу-барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізілген.

Гелологиялық құрылымы

Қаламқас дөңінің батысында жатқан және одан жыра арқылы бөлінген енсіз антиклинальдық иілімді алып жатыр. Кен орны мұнай-газ шоғырларымен қабаттаса орналасқан, жарылымдармен және бітеу жыныстармен оқшауланған.

Жатыс сипаты

Өнімді қабаттары шөгінді жыныстардан тұрады. Коллекторлардың кеуектілігі 23 – 30%, өткізгіштігі 0,013 – 0,138 мкм2, мұнай сіңіргіштік коэффициенті 0,45 – 0,78. Мұнайдың тәуліктік өнімдері ұңғымаларда 4,2 – 109,2 м3, ал газдың өнімдері 10,8 – 64,4 мың м3 аралығында өзгереді. Газдық фактор 25 – 48,5 м3/т. Қабат қысымы 9,81 – 14,25 МПа, температурасы 37 – 51°С.

Құрамы

Мұнайдың тығыздығы 0,881 – 0,912 г/см3. Оның құрамында күкірт (0,53 – 2,4%), парафин (0,5 – 4,7%), шайырлар (5,86 – 12,7%), ванадий мен никель (7 – 16 г/т) кездеседі. Кен орнындағы бос және еріген газдардың құрамында метан (74,4 – 95,4%), этан (9,6 – 15,7%), пропан (0,8 – 8,1%), бутан (0,1 – 1,9%), азот (2,4 – 2,5%) және көмірқышқыл газ (0,2 – 0,7%) бар. Мұнайлы-газды шоғырлардың режимі негізінен сулы, арынды келеді. Судың минералдығы 151,3 – 164,7 г/л. Кен 1995 жылы игерілуге берілген.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер