VII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ancient Taraz Kazakhstan.jpg
Ежелгі Тараз қаласы


Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.

Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.

Діни сәулет өнері

Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі VII ғасырдың аяғы — VIII ғасырдың басы деп белгіленді. Бірінші Акбешім ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76x22 м. Ол мінажат ететін орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ апарады. Мінажат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы қақпалы құрылыстар орналасқан. Олардың жүйесіне шаршьшап жоспарланған кішкене шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған туғырлар мен сокілерге мүсіндер қойылынты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі тұғыр тұр, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған болса керек. Мінажат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеленіп, алтын жалатылған қаңылтырлары (9) табылды. Жетісудың несториан-христиандары ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде Ақбешім қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған шіркеуден аңғаруға болады. Жоспарлануы жөнінде бұл — кіреберісі арқамен көркемделген тік бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36x15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған; батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда жаппа жасалған. Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан.

Зороастрийлік діни құрылыстар да мәлім. Ғибадатхана мақсатындағы бір кешен, тегінде, зороастралық жерлеу салтын өткізуге және қасиетті от жағуға байланысты болса керек, ол Қызылозен қаласы жұртының батыс бөлігіне орналасқан.

Бейнелеу өнері

Сарайлардың салтанатқа арналған және діни орындары көбінесе қабырғаларына сурет салып, бұйымға және алебастрға, ағашқа ою салу арқылы безендірілген. Қостөбенің сарай кешенінен оюланған саз бұйымдар, өрнектер мол кездесті. Сондеудің ең жақсы сақталған түрі — саз сылақтың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Бөлмелердегі қабырғаларды оймыштау өсімдік және геометриялық түрдегі өрнектерді қамтиды. Қабырғаларға арнайы бейнелер мотивтері жиі салынған, олардың ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген, құлпынай жемістері де, ірі інжулер қатарлары да, ішінде шеңбері бар қос қабатты ромб тәрізді торлар да ұшырасады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы бар әдемі гүлдермен, жапырақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген. Оюланған белдікте шиеленіп шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон түріндегі өрнектер бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың кесектерінде шиеленіп шырматылған қызыл беделер, көп бұтақты пальметтер, інжу салынған қос қабатты дөңес шеңберлер, жапырақтары, сабақтары және шоқталған жүзімі бар, салмақты жүзім шыбығы мотивтері сақалған. Өсімдік және геометриялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиаб, Варахша сарайларының, қамалдардың, бай тұрғын үйлерінің сонделуінен жиі кездеседі.

Tұрғын үй архитектурасы

Монументті тұрғын үй архитектурасына Жетісу қалаларының төңірегіндегі аумақтарда тұрғызылған қамалдар жатады. Олар қолдан биіктетіліп (кейде табиғи биіктерді пайдаланып) жасалған биік аландарға тұрғызылған еңселі үйлер. Құрылыстар көптеген жартылай қараңғы жайлары, дәліздері бар бір немесе екі қабатты болған. Әдетте төменгі қабатында ұзынша 6—8 бөлмелі болып, олардың қабырғаларының қалындығы екі метрге дейін жеткен және одан да қалың жасалған. Төменгі қабаттарына төбесіндегі арнаулы саңылаулар арқылы немесе шырағдандармен жарық түсірілген. Екінші қабатқа пандус немесе кішкене аспалы көпір апарған, ал одан баспалдақпен төменгі қабаттың бөлмелеріне түсуге болады. Қамалға әдетте сазбалшықпен қоршалған кең аула түйіседі. Дуалдың үстіне әдетте сатылы жақтаулар орнатылған, оқ атуға болады. Құрылыстың бүкіл болмысын оның тұрғын жай ғана емес, қорғаныс құрылысы да болғанын көрсетеді. Тараздан, Қызылөзен қаласының жұртынан, Құлан, Ақбешімнен қамалдар қазып-аршылды. Олар жоспарлануы мен құрылысының құрылымы жағынан да ұқсас. Қостөбе, Қүйрықтөбе жөне Баба-Ата қала жұрттарының қамалдарын қазған кезде қызықты материал- дар алынды.


Қостобе қала жұрты Талас аңғарында жатыр және Жамукет қаласы деп саналады. Ол жартылай тік бұрышты етіп жоспарланған, биіктігі 15 метрге дейін жететін, жоғарғы алаңшасының көлемі 30x30 м болатын қамалдан тұрады. Оның қасында шахристан мен рабад (келемі 450x450 м) және ұзын дуалмен қоршалған аумақ орналасқан. Негізгі қазба жұмысы қамалда жүргізілді. Қамал құрылысының ансамбліне сарай кешені кірген. Оның құрылысы VI ғасырдан IX ғасырдың басына дейін созылған. Құрылыс екі кезенде жүргізілген: бірінші кезеңі - VI — VIII ғасырларда, екінші кезеңі - VIII ғасырдан IX ғасырдың басына дейін. Құрылысты қайталап салу кезінде сарайдың ішкі жайларының жоспарлануы, бекіністі дуалдардын орны өзгертілген. Барлығы 20 үй орны аршылды, олардың ішінде тұрғын бөлмелер, діни сипаттағы орындар, қонақ қабылдауға арналған салтанат жайлары, шаруашылық бөлмелері, сондай-ақ айналма дәліз бар.

Үйдің жалпы жоспары бөлмелердің екі тобының жиынтығы болып табылады, олар: үлкен залдардың орталық тобы және оның солтүстік жағынан шектесіп жатқан, орталық топқа қызмет көрсету мен оны қорғау міндетін атқарған шағын жайлардың шеткі тобы. Бүкіл ансамбльді айналасын төбесі жабық айналма дәліз қоршап жатыр.

Архитектуралық кешеннің орталық құрылымы бөлу залының тік бұрышты бөлмесі (9,5x8,2 м) болган. Оның оңтүстік-шығыс жағында қызметшілерге арналған бөлме болды. Бөлу залының шыгыс жағында салтанатты «гоф- рирленген зал» орналасқан, оған ауланың ашық алаңшасы жапсарласып жатыр. Ортадағы болу залының солтүстік-батыс және солтүстік жағында діни жоралғылық орындар орналасқан. Көлемі 40 шаршы метрге жуық діни- жоралғылық салтанат залы ағаштан ойып әсем безендірілген. Онын ортасында ғұрыптық ошағы бар жартылай дөңгелек үлкен сәкі түр. Көлемі нақ сондай деуге болатын екінші діни-жоралғылық залдың да ортасында ошақты жартылай дөңгелек сәкі бар, алайда бұдан безендірілген іздер байқалмады. Сарайлардағы осыған ұқсас ғибадатхана кешендері Ташкент алқабындағы Қаңқа қамалынан, Мыңғұрық, Юнусабадтағы Ақтепе қалаларының жұрттарынан табылды. Ортадағы бөлу залының батыс жағында көлемі 40 шаршы метр болатын үлкен тұрғын зал орналасқан. Үйлердің орталық тобының солтүстік жағында қосалқы міндеттер атқарған орындар бар. Демалатын және тамақ ішетін орындар кешеннің солтүстік бөлігінде, не сарайға жақын бөлек тұрған үйде орналасқан болуы мүмкін деп шамаланады.

Сарайлардың жалпы композициялық шешімі залдардың атқаратын рөлін ескере отырып, биіктігі op түрлі болуын көздейді, мұның өзі сыртынан қарағанда көлемінің қызықты панорамасын жасаған. Мәселен, Қостөбедегі сарай үйі де биіктігі жағынан бейне бір үш денгейлі етіп құрастырылған. Кешеннің ең биік және еңселі орны — белу залы — бірінші жоғарғы деңгей, содан соң оның айналасын неғұрлым аласа залдар жартылай қоршап тұр және солтүстік жағында үшінші деңгей — бірқатар шеткі орындар бар. Биіктікті деңгейлері бойынша осындай тәсілмен болу арқылы бүкіл кешеннің бірегей композициясы жасалған. Шығыстың сәулет өнерінде сарай ғимараттары жоспарларының сыртқы түрі осы объектілерге ұқсас болып келуі кездеседі.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>