MP-40 оқшашар тапаншасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Аударылмаған Үлгі:Infobox Weapon MP40 (Maschinenpistole 40, сөзбе-сөз аударғанда «40 оқшашар тапаншасы») — Үшінші Рейхте шығарылған және парашютшілер, әскери бөлімше басшылары және Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде басқа да әскери қосындар кеңінен қолданған оқшашар тапанша. MP-40-тың ату жылдамдығы және дүмпуі басқалардікімен салыстырғанда төмен болған, сондықтан ол басқа оқшашар тапаншалармен салыстырғанда қолдануда ыңғайлырақ болған.

Тарихы

MP40 — MP36 деген жонғыланған болаттан жасалған, қазіргі кезде тек екі данасы ғана сақталып отырған түпнұсқаның негізінде дамытылған. MP36 түпнұсқасының жобасын герман әскерінің қаржыландыруымен «Ерма» фирмасында Бертольд Гайпель жасаған. Ол үлгі ретінде Һайнрих Фоллмердің VPM 1930 және EMP деген модельдерін алды. Содан соң Фоллмер Бертольд Гайпельдің MP36-сын негізге алды да, 1938 жылы герман қару-жарақ қызметінің тапсырысымен бір жаңа оқшашар тапаншаның түпнұсқасын жасады. Ол түпнұсқа MP38 деп қабылданды. Негізінде, MP38 MP36-ның қарапайымдалған түрі еді, ал кейінірек MP40 MP38-дің қарапайымдалған түрі болды. Бұл қарапайымдатулардың себебі — қарудың бір данасын шығаруға кететін шығындарды азайту болатын. Ол үшін кейінірек бөлшектерді жонғылау арқылы емес қалыптау арқылы жасай бастады.

1939 жылдан бастап қолданысқа енгізілген бірнеше мың MP38-дер 1939 жылғы Польшамен болған соғыста қолданылды. Сондағы тәжірибе жинақталып, өзгерістер енгізіліп, MP38/40, содан кейін MP40 үлгісі дайындалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның барлық үлгілерінің 1 миллионнан астам данасыы жасалды.

MP40 оқшашар тапаншасы кейде қару-жарақ жобалаушысы Һуго Шмайссердің атымен Шмайссер деп аталады. Бірақ MP40-ты жобалаған Шмайссер емес, ол тек оның оқжатарын (магазинін) жасау жолын патенттеді. Шмайссердің жобалағаны — MP41 атты оқшашар тапанша. Ол герман әскерінің қаруы болып қабылданған жоқ.

Құрылысы

Сурет:MP 40 AYF 2.JPG
MP 40 дүмбісі жазылған күйде
Сурет:MP 40 AYF 3.JPG
MP 40 дүмбісі бүгілген күйде

MP38 де, MP40 та бекітпенің кері серпілуінің есебінен әрекет ететін аутоматты қару болып табылады. Екеуінің от ашуы толығымен аутоматты, үздіксіз болатындай етіп қарастырылған. Бірақ ату жиілігі біршама төмен болғандығының арқасында шүріппені ауық-ауық басу арқылы жеке-жеке атуларды да жүзеге асыруға болады. Бекітпеге жалғанған телескоптық серіппе кері дүмпудің әсерін жоққа шығарады. MP38-дердің алғашқы үлгілерінде қайыру тұтқасы бекітпеге бекітіліп жасалатын, бірақ одан кейінгі үлгілері мен MP40-тарда қайыру тұтқасы жеке бөлшек етіп жасалатын болды. Қайыру тұтқаларын сақтағыш ретінде де қолдануға болатын: ол үшін тұтқаның басын арнайы кертпелерге түсірсе, бекітпе не алғы жағдайда, не артқы жағдайда бекітіліп, от ашу мүмкін болмай қалатын. Алғашқы MP38-дерде осындай ерекшеліктің болмауынан қаруды қауіпсіз еті керек болған жағдайда бекітпені бекітетін арнайы қайыс белдіктер қолданылып отырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ұңғының қорабы алғашқыда жонғыланған болаттан жасалатын, бірақ оған кететін уақыт көп болып, оны іске асыру қымбат операция болғандықтан, мүмкін болған кездерде жонғылаудың орнына қалыптау және электро-нүктелік дәнекерлеу қолданылып отырды. MP38-дің ұңғысы мен бекітпесінде тіке бағытта бұдырлар ойылып, оқжатардың салынатын жері шеңберлі етіп жасалатын. M38/40 пен MP40-тарда бұндай артықшылықтардан бас тартылды.

MP38 және MP40 оқшашар тапаншаларының сырт көзге жақсы байқалатын бір ерекшелігі — ұңғысының төменгі жағында Sdkfz 251 сияқты жартылай шынжыр табанды бронетранспортердің үстінен от ашқанда тірек ретінде керек болатын алюминий немесе пластик тіректер. Оқжатардың салынатын жері мен тапанша тұтқасының арасында бакелитке негізделген синтетикалық материалдан жасалған ұңғы жабуы болатын. Ұңғының өзінде ешбір жылудан сақтау шаралары қарастырылмады, атыстың кезінде абайсызда қолдан шығарып алғанда атқыш қолын күйдіріп алуы мүмкін еді. MP38 және MP40-тың бүгілмелі дүмбісі де бар, бұл оқшашар тапаншалардың ішіндегі ең алғашқы бүгілмелі дүмбі<ref>Үлгі:Cite book</ref>. Дүмбісі бүгілген кезде оның қысқа болатыны ыңғайлы еді, бірақ ондай қару онша төзімді болмай, қоян-қолтық ұрысқа онша дұрыс келмейтін еді.

MP38 бен MP40 жалпы алғанда сенімді қару болса да, оның басты осал жері оның 32 оқтықты оқжатары болатын. Томпсон оқшашар тапаншаның қос бағаналы оқжатар қорапшасы болса, MP38 бен MP40-тікі жалғыз бағаналы болды.

MP38 бен MP40-тың істен шығуының басты себебі — атқан кезде оқжатардың тұтқа ретінде қолданылуы болды. Тұтқа ретінде ұстағанда оқжатарды ұстап тұратын құрылғы босаңсып, патрон оқжатардан ату механизміне өтпей қалатын. Осыны болдырмау үшін неміс жауынгерлеріне дайындық кезінде оқшашар тапаншаны тек арнайы тұтқасынан ғана үйретілді.<ref>Weeks, John, WWII Small Arms, Galahad Press, 1980</ref><ref>Nelson, Thomas B., The World's Submachine Guns, TBN Enterprises, 1977</ref>

MP40-тар жалпы алғанда тек парашютистер мен бөлімше жетекшілеріне берілетін қару болған. Жауынгерлердің көпшілігі Karabiner 98k мылтықтарымен қаруланатын. Бірақ оқшашар тапаншалармен толығымен жабдықталған кеңес әскери бөлімдерінің ұрыс қабілеті өздеріне ұқсас неміс әскери бөлімдерінің ұрыс қабілетінен әлдеқайда жоғары екендігі анық болған соң, соғыстың соңына қарай немістің шабуыл бөлімшелері де оқшашар тапаншалармен жабдықтала бастады.

Шикізаттардың және жұмыс күшінің жетіспеушілігінен алман әскері MP40-тармен ғана емес, K 98 мылтықтарымен де ешқашан жете жабдықталған емес. Сол себепті 1943 жылы алман әскері қарудың MP 43/MP 44, StG 44 деген атпен де белгілі жаңа түріне көше бастады.

Стен оқшашар тапаншасы MP40-қа қарағанда дәлірек деген пікір қалыптасқан, бірақ іс жүзінде MP40 атысы Стендікінен дәлірек.

MP38/40-тың соғыстан кейінгі қолданылуы және соған еліктеп жасалған қарулар

Əр-түрлі тапанша-пулеметтерді кұрастыру үшін MP38 немесе MP40 модельдік үлгі ретінде алынған:

    • Star Model Z-45 model : Produced in 9mm Largo and contains parts of wood (butt and hand guards) and is a version of folding stock similar to the German MP40 and the magazine carried 30 rounds. It served in Spain, Cuba, Chile, Portugal and Saudi Arabia and was used for the first time in combat in the battle of Sidi Ifni.
    • Star Model Z-62 and Z-63 : A much modified variant which entered production in 1963 in good condition and its more well-known difference is than the Z-62 uses the 9 ammunition of length and the Z-63 the ammunition of 9mm Parabellum. They have differences of internal design but by outside they are practically identical. There are parts of no wood and are completely metal. resembles more the Beretta MAB.
    • Star Model Z-70 and Z-70B : Similar in appearance to the Z-62 but with a modified safety, the caliber is in 9mm Parabellum after the entrance of Spain in NATO and both models incorporate the shipper of 30 firings.
  • The Yugoslav Peoples Army produced a variant in 7.62x25mm Tokarev called the M56 which were used in some quantity in the various conflicts in the breakup of Yugoslavia. It was recognized by its long thin barrel and curved magazines.
  • After the war the MP40 was still the standard submachine gun of the Israeli army and was often used in the Palestinian area. It remained the official submachine gun of the Israeli paratroopers until 1956.

Two MP40's were used by the LAPD SWAT team during the famous May 1974 shootout with members of the terrorist Symbionese Liberation Army.[2]

Variants and developments

  • MP40/I - main production version
  • MP40/II - experiment with two side by side 32-round magazines. The MP40/II was tested in 1942. This version of the MP40 has a two-magazine receiver that slides horizontally to use the additional magazine when the first becomes depleted. This design was intended to counter the superior firepower of the Russian PPSh-41, but made the weapon heavy and unbalanced in the field, and did not work well.<ref>Nelson, Thomas B., The World's Submachine Guns, TBN Enterprises, 1977</ref>. However, by 1943 the Soviets shifted the production of PPSh-41 drums to 35 round magazines to combat malfunctions.
  • MP41: A variant designed by Louis Schmeisser for the Haenel Company, which featured the receiver, operating mechanism, and magazine housing of the MP40 and the stock, trigger and fire selector similar to the MP28.
  • Many countries involved in World War II developed submachine guns which had a similar features to the MP40 (with a folding stock, magazine as a front handgrip, and production techniques). The most famous examples are the Russian PPS-43 and the American M3 submachine gun. Most derivative designs also copied the troublesome magazine design as well.
  • BD38 - a new semi-automatic reproduction of the MP38 submachinegun

Тағы қараңыз

Түсініктемелер

<references/>

Әдебиет

  • The German Submachine Guns (downloadable) by Lyndon Haywood (H&L Publishing - HLebooks.com - 2001)

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons


Үлгі:WWIIGermanInfWeapons