Бекітпе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекітпе - тау-кен бекітпесі — кеніштегі, шахтадағы кен қазбаларының төбесі мен қабырғалары опырылып құлап түспеу үшін, сондай-ақ, тау қысымын реттеу мақсатында қазба ішінде тұрғызылатын немесе тұтас орнатылатын тау-кен техника құрылысы. Кен қазбаларының түріне, оларда атқарылатын жұмыстың сипатына, пайдалану мерзіміне қарай бекітпелер уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Тұрақты бекітпе кеніш, шахта аймағындағы кенді түгел алып біткенше сақталады және олар өте берік, жоғары сапалы материалдардан (металл, бетон) жасалады. Уақытша бекітпе кен қазу алдында дайындық үшін жүргізілетін, пайдалану мерзімі 2 — 3 жылдан аспайтын қазбаларда қолданылады. Пайдалану ерекшелігіне, түсетін қысымның сипатына байланысты бекітпе қайыспайтын, аздап иілетін, топсалы және құрастырмалы, түр-тұрпатына қарай — тік бұрышты, трапеция тәрізді, күмбез, сақина тәрізді болады. Тау-кен бекітпелерінің материалдарына ағаш, бетон, темір, темірбетон пайдаланылады. Көмір шахталарында бекітпелер құрылымдық ерекшелігіне байланысты механикалық-жылжымалы,қалқанды болып келеді, ал атқарар қызметіне қарай — кенжармалық және шөктіргіш болады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бекітпе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}