2004 Жазғы Олимпиада ойындары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жазғы Олимпиада ойындары 2004 (Үлгі:Lang-el, Үлгі:Transl<ref>Standard Greek pronunciation is Үлгі:IPA-el</ref>), ресми атауы XXVIII Олимпиаданың ойындары, 2004 жылдың 1329 тамыз күндері аралығында Грекияның елордасы Афина қаласында өткен жетекші халықаралық мульти-спорттық шара. Грекия Олимпиада ойындарының отаны болғандықтан, ұранның Welcome Home (Үйге қош келдің немесе үйге қош келдіңіздер) нұсқасы таңдалды. Ойындарға 201 елден келген 10,625 спортшы<ref name=olympics>Үлгі:Cite web</ref> және 5,501 ресми өкіл қатысты.<ref name=olympics/> 28 спорт түрінен 301 жүлде жинағы ойнатылды.<ref name=olympics/> 2004 жылдың Олимпиадасына Ұлттық Олимпиада комитеттері бар барлық елдер қатысты, бұл Олимпиада ойындарының тарихындағы екінші рет болған жағдай, бұрын 1996 жылғы Олимпиада ойындарына ғана ХОК-қа мүшелік ететін елдер түгелдей қатысқан.

Қазақстан нәтижесі

Афины рингінде қазақ боксшысы жамбылдық Бақтияр Артаев өз салмақ дәрежесінде (69 кг) чемпион атануымен қатар, олимпиялық турнирдің ең үздік былғары қолғап шеберіне тағайындалған бас жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестің шебері Генадий Лалиевтің күміс медалі төбемізді көкке жеткізбегенімен мерейімізді біраз биікке көтеріп тастады. 60 килограмдық салмақ дәрежесінде рингке көтерілген қарағандылық Серік Елеуов. Серік бұл жолы республиканың құрама командасына қола медаль әкелді. Грек-рим күресінен Георгий Цурцумия финалдық белдесуде ресейлік Бароевтан ұтылды. Ал Әлемнің екі дүркін чемпионы Мкхитар Манүкян жартылай финалда түрік Ероғылға 4:0 есебімен тізе бүгіп қола медаль алды. 77 килограмга дейінгі салмақ дәрежесіндегі өте күшті ауыр атлет, штанганы екі қолмен жүлқи көтерудегі Әлемнің рекордшысы (оның 173 киллограмға тең әлемдік рекорды әлі күнге дейін жаңарған жоқ) үштөбелік Сергей Филимонов құрама команда жаттықтырушыларының тәжірибесіздігінен күміс медаль алып қалды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:2004 Жазғы Олимпиада ойындары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

Үлгі:Navbox

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}