XXVII жазғы Олимпиялық ойындар 2000 жылы 15 – ші қыркүйек пен бірінші қазан аралығында Австралия мемлекетінің ірі қаласы Сидней өңірінде өткізілді. Жиырма сегіз спорт түрінен жүлдеге 300 медальдің комплектісі қойылды. Шамамен 199 ел қатысқан Сидней Олимпиядасында барлығы 6579 ер және 4068 әйел өз үлестерін аталмыш спорттық додаға қосты.
Қаланың таңдалынуы
XXVII жазғы Олимпиялық ойындарының қай ел мекенінде өткізілетіні 1993 жылы 23 – ші қыркүйекте, Монте – Карло қаласында шешілді.
2000 жылғы Олимпиялық ойындарды өз елінде өткізуге үміткер мемлекеттер
|
Қала |
Мемлекет |
1 кезең |
2 кезең |
3 кезең |
4 кезең
|
Сидней |
Австралия |
30 |
30 |
37 |
45
|
Бейжің |
Қытай |
32 |
37 |
40 |
43
|
Манчестер |
Ұлыбритания |
11 |
13 |
11 |
-
|
Берлин |
Германия |
9 |
9 |
- |
-
|
Ыстамбұл |
Түркия |
7 |
- |
- |
-
|
Спорттың түрлерi
Қатысушы елдер
Жазғы Олимпиялық ойындарға 1993 ел атсалысты.
Ойын тұмарлары
Сиднейде тұмар ретінде Сид есімді үйрек-тұмсық, кукабара Олли және ехидна Милли секілді үштік болды. Аталмыш жануарлар тек Австралияда ғана мекендейді. Үш үлгі бірге жиналып, Олимпиялық достық мағынасын меңзейді. Өздерінің мекен ету ортасына қарай үш белгіні, яғни жер, су және аспанды білдіреді. Сондай – ақ Олимпиялық ойындарға аталмыш символдардың міндетті түрде үш тал болуы, сол уақыттағы Австралияның үшінші мыңжылдыққа көшкенің меңзейді.
Әр – бір кейіпкерде өзіне тән мінез – құлық бар.
- Үйрек-тұмсықтың есімі – Сид қойылған (Syd, қысқаша түрде Сидней деген мағынаны береді). Ол Австралияның табиғатын, қуатты, жеңіске деген ұмтылысты білдіреді.
- Кукабара Олли жықсы мінез – құлықты, әзілкештікті және олимпялық рұхты білдіреді.
- Ал ехидна Милли үшінші мыңжылдықтың басталғаның көрсетеді. Ол өзінің бейнесінде жұмысқа деген құштарлықты және болашаққа деген құштарлықты білдіреді.
Ашылу салтанаты
XXVII жазғы Олимпиялық ойындар 2000 жылы 15 – ші қыркүйек күні Australia Stadium атты 110 000 көрерменді сыйдырған алаңда өткізілді. Көрсетілімнің ойластырушысы Рик Бёрч болды. Ашылу салтанатына 12 600 қатысушы ат салысты. Дыбыстық және шамдық техниканың барлық салмағы 99 тоннадан асып түсті. Австралияның су өңірімен байланысы көп екендігін көрсететін және аталмыш елдің тарихын бейнелеген көрсетілім көрермендерді таң қалдырған болатын. Олимпиялы ойындардың ашылу салтанатында 199 додаға қатысуша елдің халқын бейнелеген шеру 198 қатысушыдан тұрған. Оңтүстік және Солтүстік Корея халықтары Корей жарты аралы көрсетілген бір тудың бiртұтас делегациясы ретінде шеруде өттi. Олимпиялы ойындарға ат салыспаған БОК – тің мүшесі тек Ауғаныстан мемлекеті болатын. Басты себеп Талибан қозғалысының Ауған елінде кең өріс алғандығында.
Комитеттің мүшесі Майкл Найттың таңыстыру сөздерінен кейін, Австралияның генерал – губернаторы Уильям Дин Ойындардың ашық екенің ресми түрде жариялады.
Олимпиялы әнұранның дыбысымен Олимпиялық жалау көкке көтерілді. Ашылу салтанатының соңғы көрсетілімі Олимпиялық алаудың жағылуымен аяқталды.Аталмыш алауды жағу жеңіл атлетші Кэтти Фрименге ұсынылды.
Жабылу салтанаты
Олимпиялы ойындардың жабылу салтанаты бірінші қазан күні Australia Stadium алаңында көптеген көрермендердің бақылауымен жабылды.
Салтанаттың музыкалы бөлімінде атақты Ивонн Кенни Олимпиялы әнұранды айтты.
Дәстүр бойынша жарысқа қатысушылар әр ел түрінде емес, барлығы жиналып біртұтас адамзатты құрайтының көрсетіп, шеру өткізді.
БОК – тің Президенті Хуан Антонио Самаранч бүкіл Австралия және Сидней өңірін өткізілген Олимпиялық ойындармен құттықтап, өткізілген доданың әлемде ең қарқы болғаның атап өтті.
Олимпиялық жалау өз орнынан түсіріліп, Олимпиялық елтаңба келесі ойындардың боолатын елі Афины қаласының мэрына тапсырылды.
Басты оқиғалар
- Алғаш рет Олимпиялық бағдарламаға триатлон, таэквондо және батутта секіру қосылды.
- Алғашқы алқалар мергендікке ату және мылтықтан ату спортында әйелдер арасында үлестірілді. Алтын алқаны ағылшын Нэнси Джонсон ұтып алды.
- Ресей жалауын, гандбол ойынының қақпашысы Андрей Лавров алып жүрді. Совет одағының тарихында ойыншылардың жалауды ұстауы алдыңғы уақыттарды іске асырлмаған. Кейіннен Ресей мемлекетінің гандболшы спортшылар алтын алқаны өздерінің еңшісіне байлады.
- Алқа алуда үлесі зор – Ресейдің спортшысы Алексей Немов болды. Ол екі алтын бір күміс және үш қола ұтып алды.
- Австралиялық жүзуші ер адамдардың жүзуіндегі басты жұлдызға айналды. Ол үш алтын, екі күміс алқа ұтып алды. Ал америкалық жүзуші Ленни Крайзельбург үш алтын ұтып алды. Екі алтыннан Итальялық Доменико Фиораванти, австралиялық Майкл Клим және голландиялық Питер ван ден Хугенбанд өздерінің еңшілеріне байлады.
Австралиялық желаяқ Кэти Фримен 400 метрлік аралықта топ жарып, алтын алқа ұтып алды. Сондай –ақ, Олимпиялық алауды жаққан және алтын алқа алған жалғыз спортшы болды.
- Камерун елінің алтын алқасы аталмыш елдің Олимпиялық ойындардағы және өз елінің үлкен додадағы жалғыз жүлдесі болды.
- Голландиялық Леонтьен ван Морсель веложарыста үш алтын ұтып алды.
- Мэрион Джонс есімді американдық жүз, екі жүз және 4х400 метрге жүгіруде үш алтын ұтып алды. Алайда төртінші алтынды ұтуға айқын мүмкіншілік болған кезде, өз мүмкіндіктерін Багам аралдары және Ямайка спортшыларына беріп қойды. Бірақ Олимпиялық ойындардан кейін аталмыш спортшының қосымша қолданғаны деген хабар үшін М. Джонс өз алқаларынан айырылды.
- Қозғалмалы денелерден ату спортында украиндық Николай Мильчев 150 мүмкін тізбектің жүз елуіне тигізіп мәңгі рекордын ашқан болатын. Бұл көрсеткішьі тек қайталауға ғана болады.
- Бейнелі гимнастикадын алтын алқаға үміткер Алина Кабаева жаттығуын орындау кезінде күрделі қателік жіберіп, тек қола алқаны иемденді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
Олимпиялық ойындарға қатысқан Қазақстандық спортшылар
Жеңіл атлетика
Садақпен ату
Спортшы |
№1 жетістігі |
№2 жетістігі
|
Шикарев Вадим |
жеке - 10 орын (166 ұпай) |
командалық - 7 орын (244 ұпай)
|
Забродский Станислав |
жеке - 12 орын (164 ұпай) |
командалық - 7 орын (244 ұпай)
|
Ли Александр |
жеке - 54 орын (150 ұпай) |
командалық - 7 орын (244 ұпай)
|
Плотникова Елена |
жеке - 47 орын (149 ұпай) |
-----------------------------------------
|
Бокс
Байдарка және каноэмен жүзу
Велоспорт, трек
Велоспорт, жол
Суға секіру
Спортты гимнастика
Дзюдо
Академиялық жүзу
Оқпен ату
Спортшы |
жаттығу түрі |
жетістігі
|
Вохмянин Владимир |
жылдамдық, тапанша, 25 м |
12 орын (580 ұпай)
|
Гуща Владимир |
тапанша, 50 м |
8 орын (93.8 (655.8 ұпай)
|
|
пневматикалық тапанша, 10 м |
23 орын (574 ұпай)
|
Аспандиярова Дина |
пневматикалық тапанша, 10 м |
6 орын (483.7 ұпай)
|
|
тапанша, 25 м |
28 орын (572 ұпай)
|
Довгун Ольга |
мылтық, 50 м |
7 орын (674.2 ұпай)
|
|
пневматикалық мылтық, 10 м |
20 орын (391 ұпай)
|
Бондарева Юлия |
пневматикалық тапанша, 10 м |
9 орын (382 ұпай)
|
|
тапанша, 25 м |
11 орын (579 ұпай)
|
Жүзу
Спортшы |
жаттығу түрі |
жетістігі
|
Матузков Григорий |
200 м, кешендi жүзу |
29 орын (2:05.45)
|
|
400 м, кешендi жүзу |
39 орын (4:31.89)
|
Ситников Игорь |
100 м |
53 орын (52.57 ұпай)
|
|
эстафета 4х100м |
21 орын (52.56 ұпай) (3:28.90)
|
Борисенко Сергей |
50 м |
40 орын (23.46 ұпай)
|
|
эстафета 4х100 м |
21 орын (51.95 ұпай) (3:28.90)
|
Квасов Андрей |
200 м |
48 орын (1:55.72)
|
|
эстафета 4х100 м |
21 орын (52.25 ұпай) (3:28.90)
|
Гаврилов Андрей |
100 м баттерфляй |
49 орын (56.14 ұпай)
|
Сидоров Павел |
100 м, арқамен |
52 орын (1:01.02)
|
|
эстафета 4х100 м |
21 орын (52.14 ұпай) (3:28.90)
|
Муляева Марина |
200 м, кешендi жүзу |
28 орын (2:22.72)
|
Ауыр атлетика
Еркін күрес
Грек-рим күресі
Триатлон
Су полосы (әйелдер)
6 орын, кешенді
Су полосы (ерлер)
9 орын, кешенді
Қосарлама жүзу
Семсерлесу
Ойындар қорытындысы
Алқа алу үлесі көп болған алғашқы ондық:
Алқаның барлық үлесі
|
|
№ |
Мемлекет |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Барлығы
|
1 |
АҚШ |
36 |
24 |
32 |
92
|
2 |
Ресей |
32 |
28 |
29 |
89
|
3 |
Қытай |
28 |
16 |
14 |
58
|
4 |
Австралия |
16 |
25 |
17 |
58
|
5 |
Германия |
13 |
17 |
26 |
56
|
6 |
Франция |
13 |
14 |
11 |
38
|
7 |
Италия |
13 |
8 |
13 |
34
|
8 |
Нидерланд |
12 |
9 |
4 |
25
|
9 |
Куба |
11 |
11 |
7 |
29
|
10 |
Ұлыбритания |
11 |
10 |
7 |
28
|
Дереккөздер
<references/>
http://www.vsenastart.ru/Olympic-Games/2000.htm
http://www.olimpizm.ru/abc_cyrillic/letter_%D0%BB/48346498.html
http://australia-world.ru/istorija-i-sobytija-avstrali/olimpiada-avstralia.html
http://www.olympic.kz/content.php?id=051
Үлгі:Navbox
Үлгі:Commonscat