Өскенбай Қалманбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Өскенбай Қалманбетұлы (1860, Маңғыстау түбегі, Жетібай – 1925, Жетібай кенті, «Қырғын» әулие қорымы) – халық күйшісі, ақын-жыршы. Мергендік, аңшы-саятшылық және атбегілік өнерлерімен де айналысқан. Маңғыстау, Хиуа аймағына әйгілі Абыл, Есір, Мылқайдар, Ілекер мен Жоламан күйшіден, Нұрым мен Қашаған ақыннан тәлім-тәрбие алған. Түрікмен дутаршысы Ілбай бахшымен күй сайысына түсіп, үздік өнерімен елге танылады. Сапармәмбет Өтеулі сияқты түрікмен күйшілерімен, Тәңірберген, Жолды, Арал, Сәулебай, Жәкен, Көпеш сияқты қазақ күйшілерімен бір жүріп өнер қуады. Өскенбай – «Адайдың жеті қайқысы» атанған сал-серілердің бірі. Ол қазақ, түрікмен күйлерін шебер орындайтын арқалы ақпа-төкпе домбырашы және қолма-қол күй шығаратын ерекше талант иесі. Репертуарында 300-ден аса күйі болған. Өскенбайдың өзі шығарған күйлерінен біздің дәуірімізге 50-ге жуығы («Жастық дәурен», «Шалыс өре», «Шоқай күйі», «Шөлмек сынған», «Ыңғай төкпе», т.б.) жетті. Ақынның «Балқасым биді жеңуі», «Ырзабек», «Бурабек байларды әшкерелеуі», «Әлмағанбет байды тілдеуі», «Қоштасу», «Жирен жорға», «Жеті бұлбұл», «Ақерке», «Қаракөз», «Кербез Айша», т.б. өлең-толғаулары да бар. Ө. шығармаларының негізгі идеясы – өнерді ардақ тұту, елдік, ерлікті, кісілік пен адамгершілікті насихаттау. Өскенбай мұрасын кезінде баласы М.Өскенбаев Қазақстан ғылым академиясының қорына және күйші мұрасын жинаушыларға табыс еткен. Өскенбайдың өлең-толғаулары А.Жұбановтың «Қазақтың халық композиторлары» (1962) кітабында, сонымен қатар «Ақберен» (1972) мен «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинағында жарияланған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}