Есір Айшуақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есір Айшуақұлы (1840, Маңғыстау түбегі, — 1904, сонда) — күйші, домбырашы.

Жас кезінен Абылды ұстаз тұтқан. 1873 жылы Ресей империясының Форт Александровскіден (қазіргі Форт-Шевченко қаласы) Хиуаға аттанған жаулаушы әскері қару-жарақ тиеу үшін осы сапарға Маңғыстау елінен 90 түйе мен 9 түйеші алады.

Шығармалар

Қатерлі сапарға түйеші болып еріксіз аттанған Есір елімен қоштасып, “Қос айырған” күйін шығарады. Сол жолы көрген азап-бейнетін ол “Тоғыз түйеші” күйінде бейнелеген. Ресей әскері түйешілерді “Геок-Тепе” (Көктөбе) деген жерден қайтарып, елге аман оралған Есір қуаныш, сағыныш сезімін “Ақжарма” күйімен өрнектейді. “Көктөбе”, “Манатау” күйлерін де сол сапарда шығарған. Есірдің бұлардан басқа “Жалдығара”, “Әлди, бөпем”, Күнтай”, “Шоқай төре”, “Ақжелең”, “Сайға бұқтым”, “Әләу, мейрам”, т.б. күйлері бар.

Оның туындылары ел тарихының елеулі кезеңдерін күй тілінде сөйлеткен. Есір күйлері С.Шәкіратов, Р.Айдарбаева, М.Үскенбаев, Қ.Ахмедияров сияқты белгілі өнер шеберлері орындауында күйтабаққа жазылған. Күйші жерленген Жыңғылды ауданындағы орта мектеп Есір атымен аталады. 1990 ж. Есірдің Құнан әулие қорымындағы бейітінің басына ескерткіш-белгі және күйшінің мүсіні орнатылды. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}