Өнеркәсіптік кенорындарының типтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асыл, әшекей және техникалық тас кенорындары әр түрлі генетикалық жағдайларда жаралады. Олардың ішінде ең басты мәнге ие болатыны мынадай типтер: магмалық (кимберлит түтікшелері, эффузиялық және интрузиялық таужыныста), пегматиттік, гидротермалық, жапсарлық-метасоматоздық, метаморфогендік, мору және шөгінді. Алмас негізінен кимберлит түтікшелерінен өндіріледі. Қазіргі кезде әлемде 2000-нан аса кимберлит денелері табылған, олардың 10%-ы алмасты, ал 2,5%-ға жуығы өндірісте. Өнеркәсіптік кенорындарындағы алмастың мөлшері 0,2-ден 10-15 кар./т шамасында өзгереді. Сонымен бірге алмасты шашылымдар да маңызды орын алады. Ең үлкен практикалық мәнге ие болатыны аллювийлік және жағалау-теңіз шашылымдары, олар ашық тәсілмен өндіріледі, алмастың минимал мөлшері 0,1-0,2 кар/м3 шамасында болады. Көптеген шашылымдарда алмастың конңентрациясы 1 м3 қопсық таужынысңа ондаған караттан асады.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}