Әуезхан Көшімов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әуезхан Көшімов (1911, 15 желтоқсан, Жезқазған облысы, Шет ауданы - 1993) - ақын.
Өмірбаяны
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қарағандыда облыстық радио комитетінің бас редакторы, облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысындағы өкілі қызметтерінде болған.
Шығармалары
- Жүрек сазы. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948;
- Қарт мергеннің айтқандары. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1957;
- Аңшының әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1959;
- Екі бүркіт. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1963;
- Тегіледі әуендер. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961;
- Тепеңкөк. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1983.
Марапаттары
«1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>