Жезқазған облысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әкімшілік бірлік

Жезқазған облысыҚазақ КСР (19731991) және Қазақстан Республикасының (19911997) құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы - Жезқазған қаласы.

Географиясы

Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде орналасты. Ауданы 313,4 мың.км².

Тарихы

1973 жылдың 20 наурызында Қазақ КСР құрамында Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының құрамында. 1997 жылы қайтадан Қарағанды облысының құрамына енді.

Әкімшілік бөлінуі

1989 жылы Жезқазған облысының құрамына 4 облыстық бағыныстағы қала және 7 аудан кірді:

Аудан (қалалық кеңес) Орталығы Халқы<ref name="ДW" />
(1989), адам
1 Балқаш қалалық кеңесі Балқаш 100 533
2 Жезқазған қалалық кеңесі Жезқазған 128 872
3 Қаражал қалалық кеңесі Қаражал 17 849
4 Никольск қалалық кеңесі Никольский 71 759
5 Ағадыр ауданы Ағадыр 43 548
6 Ақтоғай ауданы Ақтоғай 16 390
7 Жезді ауданы Жезді 20 476
8 Жаңаарқа ауданы Атасу 38 664
9 Приозерный ауданы Шашубай 17 613
10 Ұлытау ауданы Ұлытау 11 592
11 Шет ауданы Ақсу-Аюлы 26 860

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>