Әтейбек Жолымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жолымбетов Әтейбек - (24.01.1912, Алматы облысы, Іле ауданы, Тастақ ауылы – 07.07.1994, Алматы) – актер, Қазақстанның халық әртісі (1971; 1962 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).


Еңбек жолын туған ауылында есепші, малдәрігері болып бастаған. Қазақ драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін (1936), театрдың негізгі құрамына қабылданады. 1936 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ драма театрының актері болды. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты (1936, 1958). Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – Н.В. Гогольдің “Ревизор” комедиясындағы Христиан Иванович рөлі (1936).

Жолымбетовтың Қазақ драма театры сахнасында бұдан кейінгі сомдаған рөлдері өз ерекшелігімен ұлттық өнер тарихында қалды. Олардың ішінде Иван (М. Ақынжановтың “Исатай – Махамбетінде”), Жылкелді, Жантық, Жапар (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” және “Амангелдісінде”), Фогель (М.Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің “Намыс гвардиясында”), Аламанов (Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың “Шаншарларында”), Алшағыр, Қазан, Арыстан (Мұхтар Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” мен “Айман – Шолпанында”), Гроссман (Қажым Жұмалиев пен Әбу Сәрсенбаевтың “Арбасуында”), Малышев (Зейін Шашкиннің “Заман осылай басталдысында”), Оразбай (Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абайында”), Барақ (Қ.Бекхожиннің “Ұлан асуында”), Серке (Қ.Мұқашевтің “Парторгінде”) т.б. рөлдер бар.

Жолымбетов аударма спектакльдерге де қатысып, бірқатар қызғылықты образдар жасады. Олардың арасынан Дулебов (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушыларында”), Мадам-қатын, Гортензио (У.Шекспирдің “Асауға тұсауында”), Кәрімбай (Д.Файзидің “Башмағымында”), Жорабай (С.Ахмадтың “Күйеуінде”), т.б. бөліп айтуға болады. Жолымбетов 1945 жылдан бастап киноактер ретінде де елге танылды. Әсіресе, Ораз (“Абай әнінде”, 1946), Майбасар (“Жамбылда”, 1952), Қапан (“Бұл Шұғылада болған едіде”, 1955), Милиционер (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1958), Қарасақал (“Алдаркөседе”, 1965) рөлдерін көрермендер жылы қабылдады. Актер есімі радиодан көркем мәтін оқудың шебері ретінде халық жадында қалды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әтейбек Жолымбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}