Әсемпаз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әсемпаз - жеке адамның сәнқойлығын, әуесқойлығын білдіретін сөз <ref>Абай тілі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1968</ref>.

Әсемпаз адам сыртқы сән-салтанатқа әуестеніп, сұлулықтың ішкі болмысына мән бермеуімен ерекшеленеді. Әсемдіктің ішкі дүниесін емес, сыртқы пішінін ғана бағалайтын адамдардың әдетте көрсеқызарлыққа, мінсіз үлгіге, формаға құмарлығы басым болады <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Әсемпаздықтың мәні қоғамға байланысты өзгеріп отырады. Бір кездері қазақ ортасы сал-серілерді де әсемпаз деп атаған. Әсемпаздық арқылы адам бойындағы ерекше қасиеттерді ерекше даралап алуға болады <ref>ҚӘТС. 2-том. Алма¬ты: Арыс, 2006</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub