Әлібек Асылбайұлы Асқаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Әлібек Асылбайұлы Асқаров (21 қаңтар, 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Чернов ауылында туған) – жазушы, прозашы, баспагер, журналист. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).

ҚР Академиялық Ұлттық кітапханасының директоры. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы (1998 жылдан). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Толығырақ

Алматы көркемсурет училищесін(1975 ж.), ҚазМУ-ді(1982 ж.) бітірген. 1968-69 ж. киномеханик, 1975 ж. «Білім және еңбек» журналы редакциясының көркемдік редакторы, әдеби қызметкер, жауапты хатшысы, 1986 ж. ҚР Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті ішкі саясат бөлімінің аға референті. 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары. 1996 ж. Ұлттық Баспасөз және бұқаралық ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары. 1998 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі мемлекеттік баспалық бағдарламаларды қалыптастыру департаментінің . 1999 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі Баспа және баспахана істері департаментінің . 2005 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, бас инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Шығармашылығы

  • 10-нан астам кітаптың, повестер мен әңгімелердің авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.<ref>А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет</ref>
  • Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы. "Құтмекен" (1979), "Тайга толғауы" (1981), "Жасыл әлемге саяхат" (1985), "Ерте түскен бозқырау" (1989), "Өр Алтай, мен қайтейін биігінді" (1997), "Родники рождаются в горах" (2000), "Мұнар тауды, музарт шыңды ансаймын" (2004), "Социализм әңгімелері", "Скрип соленого сердца" (2005), т.б. кітаптарының авторы.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Мемлекеттік марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер