Әкімшілік жазалардың түрлері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:
- ескерту жасау;
- әкімшілік айыппұл салу;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
- арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
- жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
- заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
- әкімшілік қамауға алу;
- шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң