Азаматтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Толығырақ

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. [[Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) <ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том</ref>

Азаматтық соғыс

Үлгі:Main

Азаматтық соғыс - қаруланған жиі созылған жанжал, мемлекетте саяси ұйымдастырылған топтар саяси бақылаудың жаңа формасын жақтайды немесе қарсы тұрады.<ref name=a1/>

Саясаттың азаматтық концепциясы

Саясаттың азаматтық концепциясы - мұнда саясат әрқашан өзгеріп отыратын әлеуметтік мақсаттарға бейімділік ретінде қарастырылады.<ref name=a1/>

Азаматтық дін

Азаматтық дін - әлеуметтік ынтымақтастықты тудыратын адамдардың кейбір бірлестіктерін ортақ саяси мақсатка жетуге жұмылдырушы үгіт, символдар, дәстүр мен институттар.<ref name=a1/>

Азаматтық құқықтар

Үлгі:Main

Азаматтық құқықтар - азаматқа берілетін тек қана бір азаматтық негізінде және заңмен қорғалатын құқықтар. Сондықтан, ол адамның құқығынан айрықша, олар заңмен қорғалады немесе қорғала алмайды және барлық адамдарға заңның бағынуында болуы болмауына қарамастан ортақ.<ref name=a1/>

Азаматтық бағынбау

Үлгі:Main

Азаматтық бағынбау - қасақана құқықты бұзуға ашық әрекет, оның мақсаты қоғамның ыкыласын болжамсыз, заңсыз акттермен олардың ізгілігін ақтамағандығы жөніндегі қоғамның ықыласын тарту. Бұл терминді Генри Дэвид Торо (1817-1862) азаматтық бой ұсынбау очеркінде басқарушылардың құлдыққа қарсы протесінде енгізген. Ең әйгілі ізбасары үндістандағы Махатма Ганди. Оның стратегиясын Үндістандағы ұлттық конгресс қабылдап, британдық империстік басқарушыларға қарсы шықты. Бұл тактиканы азаматтық құқық үшін кейбір осы заманғы қозғалыстар, мысалы, АҚШ пен Солтүстік Ирландия ұстанады.<ref name=a1/>

Азаматтық қоғам

Үлгі:Main

Азаматтық қоғам - көп сатылы экономикаға, заң үстемдігіне, саяси жүйенің демократиялығына негізделген қоғамдық құрылым мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың экономикалык т.б. белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы.<ref name=a1/>

Азаматтық менсінбеу

Азаматтық менсінбеу - ол басқа біреулердің бар болуын біле отырып, бірақ оларды ерекше назар аудару объектілері деп есептемейтін жеке адамнын көрсету тәсілі. Мысалы, адамның көздері біреуге қарауы мүмкін, бірақ оны тікелей көрмеуі немесе тез таюы мүмкін, егер көзқарастардың түйісу мүмкіндігі болса. Азаматтық менсінбеу «Интеракция» және «Интеракция рәсімінің» болуын көрсетеді. Гофман бойынша бұл - әлеуметтік интеракцияның жалпы процестерін басқару.<ref name=a1/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азаматтық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}