Әйбәтмия

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әйбәтмия, қоңыраугүл (Sphaepophusa) — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда сортаң әйбәтмия (S. salsuva) түрі өседі. Ол Семей, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Зайсан, Балқаш кедендерінің маңында сортаң топырақты, құмды жерлерде кездеседі. Биіктігі 30 — 80 см. Сабағы тік, жапырағы дара, қауырсын пішіндес. Гүлі ірі, қошқыл, ашық қызыл түсті, жемісі домалақ, тұқымы ұсақ болады. 3 — 4 жылдан кейін жеміс береді. Мамыршілде айларында гүлдейді. Мал азығына пайдаланылады. Құрманда қан тоқтататын, қан қысымын төмендететін сферофизин алкалоиды бар болғандықтан дәрі ретінде де қолданылды. Әйбәтмия — жоңышқа, күріш, мақта егістігі мен бау-бақшаға зиянын тигізетін арамшөп.

Дереккөздер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub