Әбітай Мұсабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбітай Мұсабеков (1.1.1915, қазіргі Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақпақты ауылы - 29.11.1981, Алматы) - әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1954). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1934 - 1937 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының хорында еңбек етті, 1937 жылдан өмірінің соңына дейін әнші-солисі болды. Театр сахнасында қазақ және шет ел композиторларының операларындағы негізгі хартияларды өзіндік үн бояуымен орындап, сан қырлы музыкалық образдар жасады. Мысалы, Е.Г. Брусиловскийдің операларындағы Төлеген, Шеге, Сансызбай ("Қыз Жібекте"), Балпан, Сахан, Жырау ("Ер Тарғында"), Елемес пен Қайрақбай ("Жалбырда"), Думан ("Дударайда"), Саттар ("Төлеген Тоқтаровта"); А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында" Әзім мен Нарымбет, М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында" Серік пен Естай, У.Гаджибековтің "Аршин мал аланында" Әскер, П.И. Чайковскийдің "3ер кебесі" мен "Евгений Онегинде" Балакин мен Трике; Гуноның "Ромео мен Джулеттасында" Тибальд. Мусабаев қазақ композиторларының әндерін насихаттауда да елеулі еңбек етті. "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}