Әбілпейіз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбілпейіз(т.ж.б. — 1783) — сұлтан, Әбілмәмбет ханның баласы. Шығыс Қазақстан аймағындағы Найман руына билік жүргізген. Айналасына жергілікті жердегі ықпалды адамдарды жақын ұстаған. Әбілпейіздің ұлы Көгедай сұлтан әкесінің саясатын қолдаған. Әбілпайыздың маңайында батырлар, рубасылар, сұлтандар шоғырланған. Жоңғарларға қарсы сан қилы шайқастарда Қожанбет Есберді батыр , Жәнібек батыр сияқты батырларға арқа сүйеген. Қытаймен дипломатиялық байланыстар орнатып, қазақ-қытай, қазақ-орыс қатынастарының дамуына зор үлес қосты. Абылай хан саясатын қолдады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub