Әбу-Л-Фадл Әл-Қарши

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбу-Л-Фадл Әл-Қарши, Әбу-л-Фадл ибн Мұхаммед әл-Қарши (1230 – өмір жылы белгісіз) – ортаазиялық тарихшы, әдебиетші, саяхатшы. Ата-аналарының шыққан жері — Баласағұн қаласы. Ол Алмалықтың билеушісі Сунақ тегіннің ордасында аталық қызметін атқарды, кеңсені басқарды. Орта Азия мен Сырдария бойына әлденеше рет саяхат жасады, Баршынкент, Жент т.б. Оңтүстік Қазақстанның қалаларын зерттеді. Әбу-Л-Фадл Әл-Қаршидың “Мұлхақат ас-Сурах” (“Ас-Сурахқа қосымшалар”) атты жалғыз тарихи туындысы сақталған. Араб тілінде жазылған бұл шығарма моңғол шапқыншылығының қарсаңындағы және одан кейінгі кезеңдердегі Түркістан тарихы жөніндегі негізгі дерек көзі болып табылады. Еңбекте Қарахан, Хорезм және моңғолдар үстемдігі кезіндегі тарихи оқиғалар мен қайраткерлер, дінбасылары, ғалымдар, әдебиет пен өнер иелері, 13 ғасырдырда Алмалықты билеген түркілер әулеті туралы басқа авторлардың шығармаларында кездесе бермейтін нақты мағлұматтар келтірілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub