Әбубәкір Әлімжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбубәкір Әлімжанов (1903-1969), флотатор. Ақтоғайдың түлегі. 1930 жылдары Балқаш тау-кен-металлургия комбинаты құрылысында жер қазушы болып еңбек етті. Осы күнге дейін Балқаш кен байытушылары, металлургтері Әлімжановты «дипломсыз инженер» деп атайды. Әлімжанов мыс өндіру технологиясын тәжірибе фабрикасының жұмыскерінен бастап, флотаторы болды. 1948 жылдан құрметті демалысқа шыққанша концентратты құрғату және шихта дайыңдау цехының бастығы болып қызмет атқарады. 1946 ж. 2-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}