Әбдірахман Көшерұлы Айсарин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдірахман Көшерұлы Айсарин (1898 – 1938) (Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы - 1938) - Жазушы, публицист.

Өмірбаяны

  • 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
  • 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер
  • 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы
  • 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер
  • 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты
  • 1926 – 1932 жж. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист
  • 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы.
  • 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Шығармашылығы

1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген

  • «Болсаң, Болаттай бол»
  • «Мәжен»
  • «Той тарқар»
  • «Бәсекелестер жиыны»
  • «Жол айырығы»
  • «Айжанның азабы» (1924)
  • «Мырзалар» (1927)
  • «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері
  • «Көн құрысса, қалпына барады»
  • «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді.

Сыртқы сілтеме

АЗАТТЫҚ БОЛҒАН АРМАНЫ, ерлер еді елдің ардағы

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}