Петропавл уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петропавл уезіАқмола облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бөлік. 1868 жылы құрылған. Жер аумағы 60 953 км², тұрғындарының саны 1901 жылы 66570, 1909 жылы 78169 адам болды. Уезд 12 болысқа бөлінді. Уезде жылқы, ірі қара,қой өсірілді. 1897 — 1901 жылдары Петропавл уезінде қазақтар 4287 мың десятина жерде егіншілікпен шұғылданды. Ресейге тері, мата, май жөнелтіліп, ал ол жақтан металл бұйымдары, мануфактура өнімдері, т.б. әкелінді. Уезде сауда айналымы 7 млн. сом құрайтын ірі сауда жәрмеңкесі — Тайыншакөл жұмыс істеді. Онда 1875 жылы 78000 қой сатылған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмола облысының әкімшілік құрылымы өзгеріп, Петропавл уезі Ақмола губерниясы құрамына енді.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Петропавл уезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}