Әбдіразақ Пернебайұлы Әуешов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдіразақ Пернебайұлы Әуешов (24.5.1956 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы) – техника ғылымның докторы (2004), профессор (2006). ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ химия-технологикалық институтының аспирантурасын (1984) бітірген. 1978 жылы Қазақ химика-технологикалық институтының физика химия кафедрасында лаборант, 1979–1980 жылы Химия-фармацевтика з-тында аға аппаратшы, 1987–1997 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1997 жылы осы университеттің докторантурасында оқып, кейін лаборатория меңгерушісі болды. Қызылорда облысы әкімдігінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты директорының орынбасары, «Таза технологиялар жасау» ЖШС-нің директоры қызметтерін (2001–2003) атқарды. «Поли(цикло)фосфаттар мен әр түрлі тотықсыздандырғыш реагенттердің жоғары температурада өзара әрекеттесуі және фосфидтер мен фосфорлы құймаларды алу технологиясын жасау» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында жалпы бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдіразақ Пернебайұлы Әуешов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}