Ұсақбүрлер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ұсақбүрлер (микроворсинки); (microvilli, грек, micros — ұсақ, villus бүрлер) — жасуша қабықшасы (плазмолемма) мен цитоплазмасының тым ұсақ өсінділері. Ащы ішек кілегейлі қабығының ішкі бетін астарлайтын бірқабатты призма тәрізді эпителиоциттердің (энтероциттердің) ішкі бетінде жиекті эпителий көбесі болады. Энтероциттер көбесі — ащы ішек қуысындағы қабырғалық және жарғақтық (мембраналық) асқорыту және қорытылғын қоректік заттарды сіңіру процесін іс жүзіне асыратын ұсақбүрлерден тұрады. Ұсақбүрлердің негізін ұсақ микрофиламенттер мен микротүтікшелер жасайды. Олардың ішкі бетін асқорыту ферменттеріне өте бай жарғақұсті құрылымы — гликокаликс құрайды. Оның ферменттерінің көмегімен қорытылған коректік заттар энтероциттер ұсақбүрлері ащы ішек қабырғасына сіңіреді. Бұл процесс қабырғалық жарғактық қорытылу және сіңірілу деп аталады. Ұсақбүрлер ащы ішектің ішкі жарғақтық қорыту және сіңіру бетінің ауданын 30 еседей ұлғайтады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub