Ащы ішек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ащы ішек (intestinum tenue г. іп- testinum — ішек; tenue — жіңішке) — ас (азық қорыту жүйесіндегі асқорыту процесі қарқынды жүрек және корытылған қоректік заттардың ішек қабырғасындағы қан және лимфа тамырларына белсенді сорылып сіңірі- летін асқорыту жүйесі ортаңғы бөлігінің түтікше ағзасы. Ащы ішек құрсақ қуысында орналасады. Ол өз кезегінде құрылысы мен организмдегі орналасу орындарына байланысты үш бөліктен тұрады. Олар: он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарларда — үлтабар үшы), аш ішек және мықын ішек. Ащы ішектің қабырғасы үш қабықтан: сыртқы — сірлі, ортаңғы — етті, ішкі — кілегейлі қабықтардан қүралған. Кілегейлі қабығының ішкі бетінде сору қызметін атқаратын бүрлер және ішектің ішкі бетін астарлайтын бірқабатты призма тәрізді эпителий жасушаларының апикальды жиектерінде, ішектің сору ауданын 30 еседей үлғайтатын микробүрлер болады. Он екі елі ішектің куысына бауырдың ет өзегімен — өт, ұйқы безі өзегімен ас қорыту ферменттеріне бай — ұйқы безінің сөлі келіп қүйылады. Ащы ішектің ұзын дығы жануарлардың қоректену сипатына сәйкес әртүрлі болып келеді. Ең ұзын ащы ішек шөп тектес азықпен қоректенетін жануарларда, ең қысқа — етпен қоректенетін жыртқыш аңдарда, ал оның орташа ұзындығы талғаусыз жануарларда (шошқа) болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ащы ішек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}