Үстел ойындары
Үстел ойындары (Үлгі:Lang-en – ағаш тақтай, Үлгі:Lang-en – ойын) — үстел үстінде алдын ала дайындалған «ойын алаңын» пайдаланатын ойындар. Бұл ойындардың дәстүрлі түрлері:
Бұл ойындарда белгілі қалыппен сызылған дайын ағаш тақтай қолданылады.
Ойын барысында ойын алаңымен бірге көбіне текшелер немесе карточкалар қолданады. Олар ойынның кезекті жүрісін немесе ұпайларды белгілейді
Тарихы
Ойын алаңы пайдаланатын үстел ойындары ежелгі заманнан белгілі. Солардың бірі — б.з.б. 3500 жылдары Ежелгі Мысырда кең тараған сенет ойыны. Қытайдың го ойынының „жасы“ 2500 жылдан асты. Колумбқа дейінгі Америкадағы ацтектер патолли ойнына қызыққан. Ал атақты шахмат ойыны бір жарым мың жыл бұрын белгілі болған<ref>Новотельнов Н. А.,Знакомьтесь: шахматы,Л.,Лениздат,1976</ref>.
Қазіргі үстел ойындары
Бұқаралық мәдениеттің таралуымен бірге үстел ойындарының да шалқып өркендеуі басталды. XX ғасырда көптеген жаңа ойын шыққан, оның ішіндегі ең танымалдары:
- «Монополия» (1930),
- «Теңіз шайқасы» (1931),
- «Скрэббл» (1938),
- «Риск» (1957),
- Mastermind (1970),
- «Колонизаторлар» (1995).