Нарды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нарды (немесе трик-трак, бэкгэммон (Үлгі:Lang-en), тавла, шеш-беш, коша) — арнайы жасалған тақтадағы екі ойыншы үшін үстел үстіндегі ойын. Тақта екі бөлікке бөлінген. Ойын мақсаты: ойын сүйегін тастап, ұпайларға байланысты шашкаларын жылжытып отырып қарсылас ойыншыдан бірінші болып бір айналымын өтіп, «үйшікке» келу.
Ойын шарттары
- Ойнаушылар саны - 2
- жасы - 5+
- 1 партияның уақыты - 5-30 минут
- қиындығы - орташа
- стратегия деңгейі - жоғары
- кездейсоқтықтың әсері - жоғары