Үлкен Ақтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлкен Ақтөбе<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы" 20 том</ref> — орта ғасырдағы қаланың орны. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қызылту ауылынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан. 270px

Қазіргі орны, бұрыштары әлемнің төрт тарапына бағытталған екі қабаттан тұратын төбе. Астыңғы төбешік орнының көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 м, батыстан шығысқа қарай 90 м, биіктігі 1 м. Төбешіктің ортасында тік төртбұрышты келген, көлемі 50 м, биіктігі 5 м екінші төбешік бар. Онда 8 мұнараның орны сақталған. Төрт мұнара алаңның төрт бұрышына, ал қалған төртеуі екі-екіден солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жақтарының ортасына орналасқан. Екінші алаңға кіру есігі шығыс қабырғасы жағында, оңтұстік-шығыс бұрыштағы мұнараға жақын.

1982 — 86 жылдары аралығында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде ескерткіштің батыс, оңтүстік-шығыс бөліктерінде ұзындығы 16 м, ені 1 — 1,6 м, тереңд. 6,5 м жерді алатын қазба жүргізіліп, қалашықтың бекініс қабырғалары бес кезеңді қамтитындығы мәлім болды. Қазба барысында табылған құм, құмыра, тағы басқа қыш ыдыстар сынығына қарағанда қаланы тұрғындар 7 — 12 ғасырларда мекендеген.

Сілтемелер:

http://wikimediafoundation.org/wiki/Terms_of_Use

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}