Құрманов Әли

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрманов Әли (1901, қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар ауданы - 1969, Алматы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1936). 1934 ж. Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетінде өнер көрсетті. Құрмановтың репертуарында халық әндері ("Әлди-ау", "Сусар-ай", "Молдабай", "Сүмбіл шаш", "Он алты қыз", т.б.), термелер, халық композиторларының әндері мен желдірмелері болды. Гастрольдік сапармен Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}