Құрақбай Үсенұлы Егізбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрақбай Үсенұлы Егізбай (5.9.1949, ІХР, Ақсу ауданы – 28.1.2007, Алматы) – мүсінші. 1980 жылы Алматы қаласындағы көркемсурет училищесін (қазіргі колледж) бітірген. Мүсінші М. Әйнековтің шәкірті. Алматы қаласындағы “Қазреставрация” (1980 – 89), “Мирас” қолданбалы өнер бірлестігі (1989 – 94), Республикалық Орталық мұражай (1994 – 96) және Джами бірлестігінде (1996 – 2001) жұмыс істеген. Ол 20-дан астам халық батырларының (Райымбек батыр, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы, 1996; Қарасай батыр, Қарасай ауданы, Байсейіт батыр, Байсейіт ауылы, екеуі де 1998; Қарақұл батыр, Сүмбе ауылы, 1999; Жауғаш батыр, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, 2006; Ұзақ батыр, Алматы облысы, Сарыбастау ауылы, 2007), бек-билердің (Албан-Асан, Алматы облысы, 1999; Мөңке би, Ақтөбе қаласы 2000), ақын-жазушылар (Мұқағали Мақатаев, Алматы қаласындағы 140-гимназия, 1993; Көдек ақын, Қызыл шекара ауылы, 1999; Бердібек Соқпақбаев, Алматы облысы Қарасаз ауылы) мен мемлекеттік қайраткерлерінің (Мұстафа Шоқай, Қызылорда облысы Шиелі кенті, 1998; Дінмұхамед Қонаев, Алматы облысы, Талғар қаласы, 2002) мүсін-ескерткіштері, мүсіндік портреттері мен бюстері және құлпытастардың авторы. Егізбай қолынан туған әр алуан мүсіндік туындылар динамикаға құрылған композиц. бірлігімен, бірегей табиғи тұтастығымен ерекшеленді. Ол қолданбалы өнер саласында да жемісті еңбек етіп, көптеген муз. аспаптарды жасады, мұражайлар қорындағы көнерген экспонаттарды қалпына келтіру жұмысына да елеулі үлес қосты. Оның қолынан шыққан дабыл, домбыра, нарқобыз, кепшік, шертер, шіңкілдек, т.б. халық музыкалық аспаптары Алматы қаласындағы Орталық тарихи, халық музыка аспаптары және Абай (Шығыс Қазақстан облысы) мұражайыларында сақтаулы. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құрақбай Үсенұлы Егізбай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}