Байсейіт батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байсейіт Батыр<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> – тарихи жыр. Халық ақыны С.Керімбекұлы жырлаған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Ел аузындағы бұл жыр бұрын еш жерде жарияланбаған. Жырдың негізгі арқауы – қазақ пен қырғыз арасындағы жанжалды тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірлесіп күресу. Басты кейіпкер Байсейіт батыр екі халықты татуластыруға бар күш-жігерін салып қазақ, қырғыз батырларын бітімге келтіреді. Жырда Байсейіттің қапылыста қаза табуы, қазақтың Сұраншы, Ағыбай, Сыздық, Сыпатай сынды батырларының қол жинап, жауға қарсы күш біріктіруі әсерлі баяндалады. Сонымен бірге тарихи деректердің жаңылыс берілуі де кездеседі. «Байсейіт Батыр» жыры 1941 жылы жазылып алынған, өлең құрылысы толық 11 буынды қара өлең үлгісі. Жырдың Т.Байбағышев жырлаған нұсқасы да бар, бірақ онда тарихи шындық мүлдем бұрмаланған. Екі нұсқа да Қазақстан Ғылыми Академиясының Орталық ғылым кітапхана қорында сақтаулы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}