Құмыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмыр - малдың кеңсірік ауруының бірі. Бұл ауруды бөгелек дернәсілдері қоздырады.

Ауру себебі

Қой, ешкі және түйе ауырады. Ұрғашы бөгелек малдың танауына дернәсілдерін салады. Бұл дернәсілдер кеңсіріктің кілегей қабығына жабысып, оның қуысына түгел, кейде миға дейін таралады. Кеңсірікте олар 9-10 айда жетіліп, танаудан жерге түседі де, мал танауына дернәсілін салады.

Белгілері

Құмыр ауруы кезінде мал басын шайқап пысқырады, танауынан сілекей ағып, танаудың айналасына қатып, малдың тынысын тарылтады, мал оттан қалады, тез арықтайды. Семіз, күйлі мал танаудағы дернәсілдерді пысқырып түсіруі мүмкін. Арық малдың оған әлі жетпейді.

Емі

Малдың танауына спирт, креолин, лизол ерітінділерін, түйеге кендір майын құю. Ересек бөгелекті жою үшін күншуаққа, ыққа арнайы кереге керіп, оған қонған бөгелектерді ұстап қыру.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>