Кендір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кендір (Үлгі:Lang-la) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.


Негізінен Солтүстік Америка, Оңтүстік Еуропа және Оңтүстік Шығыс Азияда өседі. Қазақстанда Сырдария, Іле, Шу өзендері алабында өсетін 4 түрі, оның ішінде жиі кездесетін түрі – қызыл кендір (Apocynum lancіfolіum) бар. Биіктігі 120 см-дей сабағы мықты, бұтақты, тік өседі. Жапырағы ұзынша не сопақша келген қандауыр пішінді, шеті иректелген. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт, күлгін қызыл түсті. Гүлшоғыры – сабақ басына орналасқан шашақ. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамызқыркүйекте жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қабатталған жапырақша. Тұқымы ұсақ, түкті болады. Қызыл кендірдің сабағынан мата тоқуда, арқан есуде пайдаланылатын өте мықты ұзын талшықтар алынады. Кендір құрамында каучук, оның жер астындағы өркендерінің қабығында былғары өнеркәсібінде қолданылатын илік заттар бар. Тамыр сығындысынан алынатын цимарин глюкозидінің дәрілік маңызы зор.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,</ref>

Кендір (Apocynum) – кендір тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Сырдария, Іле, Шу өзендері алқабында өсетін 4 түрі, оның ішінде жиі кездесетін түрі – қызыл кендір (A. lancіfolіum) бар. Биіктігі 120 см-дей сабағы мықты, бұтақты, тік өседі. Жапырағы ұзынша не сопақша келген қандауыр пішінді, шеті иректелген. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт, күлгін қызыл түсті. Гүлшоғыры – сабақ басына орналасқан шашақ. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қабатталған жапырақша. Тұқымы ұсақ, түкті болады. Қызыл кендірдің сабағынан мата тоқуда, арқан есуде пайдаланылатын өте мықты ұзын талшықтар алынады. Кендір құрамында каучук, оның жер астындағы өркендерінің қабығында былғары өнеркәсібінде қолданылатын илік заттар бар. Тамыр сығындысынан алынатын цимарин глюкозидінің дәрілік маңызы зор.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

Сыртқы сілтемелер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кендір|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}