Абай спектаклі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай» - спектакль. М. О. Әуезов пен Л. С. Соболевтің бірігіп жазған «Абай» трагедиясын 1940 ж. А. Тоқпанов тұңғыш рет театр сахнасына шығарды. Спектакль қазақ театр өнерінің өркендеуіне үлкен үлес болып қосылды. Режиссер Абай рухының ұлылығын, ақын талантының сан қырынан ашып көрсетуді мақсат еткен. Спектакльде Абай бейнесі ақын, композитор ғана емес, ойшыл, философ ретінде де көрінген. Сондықтан да режиссер өз қойылымында Керім бейнесін Абайдың идеялық басты қарсыласы ретінде түсіндіріп, оқиға қақтығыстары мен философиялық ой қақтығыстарын шебер ұштастырып отырады. Спектакльдегі Абай бейнесін Қ. Қуанышбаев сомдады. Ақын образын сомдауда актер де режиссермен бірге тарихи ақиқат пен романтизмді ұштастыруға күш салды. Осы спектакль арқылы Қуанышбаев өнерінің бағыт-бағдары қалыптасып, өзі сомдаған тұлғаның дүниетанымын ашудағы шеберлігі көрінді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай спектаклі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}