Қылмыстық процеске қатысушылар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қылмыстық процесс — күрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.

1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
3. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.

Бірінші топ — дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады; Екінші топ — іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б. Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т.б. құрайды.

Анықтау және алдын aлa тергеу — бұл анықтау органдары мен өкілетті органдардың сотқа дейінгі әрекеттері. Бұл әрекеттің негізі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚІЖК) белгіленген. Мұнда шектерде қылмыс жасаған адалдарды қылмыстық жауапкершілікке тартужәне істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерінің іс жүргізуі анықталған. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеті толықтай заңмен реттеледі.

Қылмыстық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. Заңда күдіктіге көптеген құқықтар берілгеп. Оның құқықтары мынадай:

  • өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
  • өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге немесе түсіндірме мен жауап беруден бас тартуға;
  • дәлелдемелер ұсынуға;
  • өтініш пен қарсылық білдіруге;
  • ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;
  • ақысыз аудармашының көмегін пайдалануға;
  • өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге;
  • тергеушінің немеее анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
  • соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешіміне шағым беруге;
  • оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы.

Басқаша айтқанда, өзіне қатысты ҚІЖК бекітілген тәртіпке айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам анықталушы болып танылады. Айыпталушының жағдайы көп жағдайда күдіктінің жағдайымен сәйкес келіп жатады. Күдіктіні, айыпталушыны жауап алуға, қылмыстық қудалау органына қандайда бір материалдарды беруге, сондай-ақ оларға қандай да бір көмек көрсетуге мәжбүрлемеу керек. Жауап (айғақ) беру — айыпталушының міндеті емес, құқығы. Ол жауап беруден бас тартқаны үшін жауапқа тартылмайды. Жауап беруге мәжбүрлеу — бұл тергеушінің немесе тергеу жүргізетін тұлғаның тарапынан күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беpyгe қорқыту, бопсалау немесе басқа да заңсыз әрекеттер қолдану арқылы ықпал етуі. Заңда айыпталушыдан күш көрсету, қорқыту, алдау арқылы, басқа да заңсыз әрекеттермен (негізсіз ұстау және басқалары) жауап алуға жол берілмейді. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сотталушы — іс бойынша басты сот талқылауы тағайындалатын айыпталушы. Сотталушының құқықтары айыпталушының құқығымен сәйкес келеді. Сотталған адам — өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы.

Тергеуші — бұл өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі. Прокурор — өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің жене сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Ол сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды.

Сот процесінің әділдігі мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін заңда қарсылық білдіру институты карастырылған. Қарсылық білдіру — тергеу жүргізу мен соттың істі анықтау кезінде әділдік пен шынайылықты қамтамасыз ететін азаматтық, іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Қарсылық білдіру кезінде сот іске қатысы бар адамдарды тыңдауға, қарсылық білдірген адамның пікірін тыңдауға міндетті. Қарсылық білдіру жөніндегі мәселені сот шешеді. Адвокат — бұл заңның аясы негізінде заң көмегін көрсететін тұлға.

Қоғам мен мемлекет бір де бір азаматтың жеткілікті негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына және сотталмауына мүдделі. Мемлекет қорғалу құқығын қамтамасыз етуде конституциялық кепілдікті орындай отырып адвокатқа едәуір құқықтар берген, соның ішінде оның адвокаттық қызметіне кепілдік бар.

Қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы — бұл адвокаттық кызметтің маңызды бағыттарының бірі, ол негізінде айыпталушыларды (күдіктілерді) қорғау функциясымен байланысты болады.

Қорғау — бұл қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыпты теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға заңсыз тартылған адамдарды ақтау мақ сатында қорғау тарапынан жүзеге асырылатын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушының көмегіне мұқтаж болады, онсыз айыпталушы өзінің кінәсіздігіне дәлелдемелер келтіре алмайды, сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтай алмайды. Қорғаушы — бұл заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін тұлға.

Заңда қорғаушы ретінде іске қатыстырылуға жіберетін адамдар нақты айқындалған. Оларға: адвокаттар, яғни адвокаттық алқаға мүше адамдар; жұбайы (зайыбы); жақын туыстары немесе заңды өкілдері; өз бірлестіктері мүшелерінің ісі бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне, оларға қорғаушы ретінде өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттар (шешім немесе хаттама, сенімхат) беріліп, өкілдерін жібереді.

Судья — қылмыстық процестің негізгі субъектісі. Судьяның негізгі міндеті қылмыстық істерді талқылау жене шешу арқылы сот төрелігін жүзеге асыру. Тек судьяға ғана үкім арқылы нақты адамға (сотталушыға) қылмыс жасаған деп айыптауға, сондай-ақ оны қылмыстық жазалауға конституциялық өкілдік берілген.

Жәбірленуші — қылмыс пен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген, осыған байланысты анықтау жүргізуші адамның, тергеуші, прокурор, судьяның қаулысымен немесе соттың анықтамасы мен жәбірленуші деп танылған азамат. Жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Бұл құқық оның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді, ол мұндай құқығын өзіне белгілі барлық аймақты деректерді мәлімдеу үшін қолданады, сондай-ақ сотқа, тергеушіге өзінің мүдделерін қорғауға, қылмысты ашуға, айыпты әшкерелеу көмектесетін өз болжамдарын хабарлауға құқық береді. Егер адамға зиян келтірілсе, ол жәбірленуші болып танылады. Тек жеке адамдар ғана жәбірленуші бола алады.

Куә — бұл іс үшін маңызы бар, өзіне белгілі мән-жайлар жөнінде жауап бере алатын кез келген тұлға. Куәнің бірегейлігі қылмыстық іс жүргізуде маңызы бар мынадай белгілерден көрінеді: куәнің ауыстырылмайтындығы; өзінің ауыстырылмайтындығына байланысты, оған істің нәтижесіне мүдделі деп қарсылық білдіре алмайды.

Іс бойынша мыналар куә бола алмайды:

  • а) айыпталушының қорғаушысы;
  • ә) өзінің жасының толмауына, психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар;
  • б) адвокат;
  • в) судья;
  • г) сонымен қатар заңда адам өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алғаны, туған ағалары (іні) және әскелері (қарындасы), атасы, апасы және немересі) қарсы айғақ, беруге діни қызметшілер өздеріне сеніп сырым ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп бекітілген.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу процесі — қатысушылары әр түрлі тұлғалар болатын күрделі процесс. Бұл тұлғаларға қылмыстық істерді тергеуде және қарауда белсенді қатысу үшін мемлекеттік органдармен жіберілген және тартылған қоғамның құқықты мүшелері мен заңды тұлғалары жатады. Бұл үшін осы тұлғаларға кең процессуалдық құқықтар берілген. Қылмыстық іс жүргізуге: қосымша қызметтер атқаратын, қылмыстың сот ісін жүргізуді іске асыруға өкілетті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалар жатады. Қылмыстық істі жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}