Қызылтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылтөбе <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>– ортағасырлық қалашық орындары.
Сурет:Taraz p.svg
Қызылтөбе
Төле би ауданы Ынтымақ ауылының маңында Доңғызтау өзенінің оң жағалауында.
  • 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова)
  • 1979 жылы Шымкент педогогикалық институтының археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Подушкин) зерттеген. Қалашықтың қазіргі орны екі бөлек төбешік.
    • Біріншісі – қамал. Ол табаны 100х90 м, үстіңгі бөлігі 50х40 м, биіктігі 9 м тік бұрышты төбешік. Оған солтүстік жағынан жалғасып жатқан рабад, табаны 130х80 м, үстіңгі жағы 70х50 м, биіктігі 5–6 м келген төбешік. Ескерткіштің едәуір бөлігі автомобиль жолы мен өзге де құрылыстар салу кезінде бұзылған. Қазба жүргізу барысында табылған материалдарға қарағанда халық Қызылтөбені 5–8 ғасырларда мекендегені аңғарылады.
    • Сайрам ауданы Ақсу өзенінің оң жағалауында. 1968 жылы Шымкент педогогикалық институтының археологиялық отряды зерттеген<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
  • Қалашықтың ішкі қамалының қазіргі орны табаны 60х80 м, үстіңгі жағы 40х50 м, биіктігі 10 м төбешік. Оған шығыс және батыс жағынан ауданы 0,2 га екі төбешік (рабад орны) жалғасады. Мұндағы құрылыс орындары пахса блоктарынан (ұзындығы 1,2–1,5 м, қалыңдығы 0,6–0,7 м) және шикі кірпіштен (көлемі 38х18х8 см) тұрғызылған. Археологиялық зерттеу барысында шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдаланатын құм, тостаған, саптаяқ ыдыс сынықтары табылған. Сондай-ақ Қарахандар әулеті билік құрған кезеңге жататын сырлы ыдыстар, дәнүккіштер, саз ыдыстар күйдіруге арналған пеш орны да аршылған. Қазба жүргізу нәтижесінде алынған заттарға қарағанда Қызылтөбені халық 8–12 ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызылтөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}