Қызылсу (Маңғыстау облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қызылсу — Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы ауыл, Бостан ауылдық округі құрамында.
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы Құрық ауылынан шығысқа қарай 195 км, округ орталығы Бостан ауылынан 45 км жерде, Түйесу құмының солтүстік жиегінде орналасқан.
Халқы
Тұрғыны:
- 254 адам (130 ер және 124 әйел адам) (1999)<ref name="source1">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 100 адам (2007);
- 57 адам (24 ер және 33 әйел адам) (2009)<ref name="source1"></ref>.
Инфрақұрылымы
Ауыл қаракөл қойын өсіретін Ералиев атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы болып келген. Оның негізінде Қызылсуда шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда бастауыш мектеп, кітапхана, медициналық пункт бар.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қарақия ауданы елді мекендері