Қызан
Қызан - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы — Шетпе кентінен солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Бозащы түбегінің шығыс жағында.
Тарихы
Ресей империясы құрамында
Қызан туралы алғашқы жазба мәлімет 1832 жылы Маңғыстауды зерттеген Г.С. Карелин экспедициясының топографы П.В Алексеевтің еңбегінде кездеседі. Онда Қызан тұщы суы мол құдықтары бар жер екендігі жазылады.Үлгі:Citation needed
Екінші жазба дерек 1896 жылғы Закаспий облысының орталығы Ашхабадта шыққан «Военный обзор» әскери шолу кітабында Маңғыстауда орналасқан су көздері мен құдықтарын есепке алған. Сол кітапта Бозащыдағы Қызан жерінде 245 құдық бар деген мәлімет бар. Құдықтардың көптігіне қарап Қызанда едәуір халық отырғанын байқаймыз.Үлгі:Citation needed
Қызан Бозашы түбегіндегі ең құдықтары көп, тұщы суы мол жер болған. Суын Адайдың Жарысы мен Жеменейі ортақ пайдаланған. Төменде 1884 жыл Закаспий облысы Маңғышлақ уезі Бозашыдағы екі болыстың үй мен жан саны берілген.Үлгі:Citation needed
Бозашы Жеменей болысы | Маңғышлақ уезі | 1884 жыл |
---|---|---|
Ауыл | Үй саны | Халық саны |
Олжашы – Бөкен | 337 | 1255 |
Ақбота | 338 | 1200 |
Кенже Мамыр | 220 | 970 |
Қойсары, Жақау | 204 | 885 |
Бәйбіше | 173 | 885 |
Қаратоқа | 153 | 690 |
барлығы | 1425 | 5730 |
Қазан төңкерісіне дейін осы өңірде діни білім беретін 4 мешіт болған.
Кеңестік кезең
Іргесі 30-жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланды. 1973 жылға дейін “Жармыш” ұжымшарының, 1973 жылдан осы ұжымшар негізінде ұйымдасқан “Ақшымырау” қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
Топонимның пайда болуы
Қызан ауылы атауының пайда болуына байланысты екі нұсқа бар. Біріншісі - ауыл ақсақалдары айтатын нұсқа бойынша ауыл атауы Қызан маңындағы қорымда жерленген Қызажы деген түркімен әулиесінің есімінен шыққан, Қызажы сөзі кейін айтыла келе Қызан атанған. Бозашыда Қызажы, Жұмажы және Ажы деген әулиелер болған. Ажыны қазір Ащы деп атайды. Ащы Қаратөбенің қасында. Жұмажы деген Шебір ауылының касындағы Иланың солтүстік жағындағы жер. Екінші ғалымдардың пайымдауынша ауыл атауы әу баста Қазан болған, Қазан сөзі II-VII ғасырда өмір сүрген ғұн-бұлғар тілінде “қасиетті орын”, “орталық” дегенді білдіретін ұғым.Үлгі:Citation needed
Халқы
Тұрғыны:
- 1976 адам (1019 ер және 957 әйел адам) (1999)<ref name="source2">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 1900 адам (2003).
- 1997 адам (1035 ер және 962 әйел адам) (2009)<ref name="source2"></ref>;
- 2087 адам (2014).Үлгі:Citation needed
Тарихи ескерткіштер
Ауыл төңірегіндегі үстіртте Сейсем ата қорымы, Мыңкісі, Бүркіт ата, Жарылғас Ата, Қарабарақты сияқты киелі орындар, Олжа күмбезі, Қошқар тас секілді тарихи ескерткіштер бар.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>
Тұлғалар
Ауылдан Мұрын Сенгірбекұлы мен Абыл мен Нұрымның, Ақтан мен Қашағанның жолын жалғастырушы Адайдын атақты ақыны Түмен Балтабасұлы шыққан. Қазақ халқының екі батыры Сүйінғара Үргенішбайұлы мен Досан Тәжіұлы ауылға қарасты Жиделі мен Тұрымда туып-өскен.
Ауыл шаруашылығы
2014 жылдың жарты жылдығында шаруа қожалықтары мен жеке қожалықтарда 7350 бас қой – ешкі, 1575 бас түйе, 3050 бас жылқы, 50 бас сиыр малдары бар.
Білім беру саласы
Ауылдағы орта мектепті 2013 оқу жылында 42 оқушы бітірді. 2014 оқу жылында 24 сынып комплексі, 381 оқушы, дайындық сыныбында 56 бала оқуда.
Денсаулық сақтау саласы
Село тұрғындарына 10 тұрақты, 10 күндізгі төсек орны бар Қызан дәрігерлік амбулаториясы қызмет етеді. 2015 жылы жаңа амбулаторияны салу жоспарланған.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері