Ақшымырау
Ақшымырау – Маңғыстау ауданындағы ауыл, Ақшымырау ауылдық округінің орталығы.
Мазмұны
Географиялық орны
Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Бозащы түбегінің орта шығысында орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1934 жылы қаланды. Алғашында 4 – 5 үйден тұратын шағын елді мекен 1953 жылдан 1969 жылға дейін 19 партсъезд атындағы ұжымшардың және Калинин ауылдық кеңесінің орталығы болып келді.
1969 – 1974 жылдары «Бозащы» кеңшарының, 1974 – 1995 жылдары «Ақшымырау» кеңшары фермасының орталығы болды. Кеңшар және бөлімше негізінде Ақшымырауда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы
Тұрғыны:
- 1225 адам (616 ер және 609 әйел адам) (1999);
- 1200 адам (2007);
- 1264 адам (662 ер және 602 әйел адам) (2009).
- 1424 адам (2014);
Білім беру саласы
Ақшымырау селосында «Ә.Тобанияз» атындағы орта мектеп оқушыларға білім беруде. Онда 2014 жылға қарай 283 оқушы оқуда.
Ауылда 2009 жылы «КомМунай» ЖШС-нің демеушілік көмегімен 50 орындық «Айгөлек» балабақшасы қолданысқа берілді.
Денсаулық сақтау саласы
Ақшымырау селосына қарасты 2007 жылы салынған дәрігерлік амбулатория жұмыс жасауда. Бұдан басқа ауылда фельдшер-акушерлік пункті бар<ref>Қазақ энциклопедиясы Х том</ref>.
Мәдениет және спорт саласы
Ақшымырау селосында 1 селолық клуб, 1 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. «КомМұнай» ЖШС-нің демеушілік көмегімен 2014 жылы 1 ашық спорт алаңы салынды. 2015 жылы Ақшымырау селосының орталығында орналасқан селолық клубтың ескіруіне байланысты «КомМұнай» ЖШС-нің демеушілік көмегімен жаңа 150 орындық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды.
Ауыл шаруашылығы
Ақшымырау селосында 22 шаруа қожалығы және Ақшымырау ЖШС тіркелген.
Мал азығы жем-шөпке байланысты селода Ақшымырау ЖШС-сі және 2 шаруа қожалығы мал азығы шөп шабумен айналысуда.
2014 жылғы есеп бойынша Ақшымырау селосындағы жеке шаруа қожалықтармен тұрғындардың мал басы саны түйе-1613, жылқы-4945: қой-ешкі - 11303, сиыр-67 басты құрап отыр.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері