Қуандық Ералыұлы Ералин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуандық Ералыұлы Ералин (14 сәуір 1950 жылы туған) – педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999), Қазақстан Білім беру ісінің үздігі (1997), Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері (2007).

Шымкент педагогика институтын бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша (1973) және Мәскеу мемлекеттік педагогика университетінің аспирантурасын (1985) бітірген. Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы, доцент, профессор, декан, кафедра меңгерушісі (1973–96), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (1996–2004) жұмыстар істеді. 2004 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.

1992 ж. «Изобразительное искусство Казахстана в системе художесвенно-профессиональной подготовки будущих учителей изобразительного искусства и художественного труда в педагогических институтах» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың теориясы мен практикасы, оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру әдістемесі, т.б. Ералин 115 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монография мен 24 оқу құралдарының авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://ukgu.kz/en/node/1467

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қуандық Ералыұлы Ералин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}