Қошқарбай (Қарағанды облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup ҚошқарбайҚарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Нұраталды ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 40 км жерде, Талды өзенінің оң аңғарында. Тұрғыны 0,8 мың адам (2003). 1930 – 97 ж. сүт өндіретін Нұраталды кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 ж. Қошқарбайда және округтегі Аққияқ, Ақсу, Қызылқой, Шопа ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды.

Нұраталды, ауыл, Шет ауданындағы Нұраталды селолық округінің орталығы. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік батысында 45 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 90 км жерде Астана-Алматы автожолдары бойында орналасқан. Іргесі 1931 жылы Нұраталды кеңшары болып құрылды. Халқы– 2010 (2006). Ұлттық құрамы: 97 пайызы қазақ; 3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. 60-90 ж.ж. Нұраталды кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары – сүтті ірі қара өсіру, қосымша саласы-егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 109 мың га. Округтің елді мекендерінде (Ақсу, Аққияқ, Шопа, Қызылқой ауылдары) 4 мектеп, 2 клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП бар. Кеңшардың негізінде 103 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ұлы Отан соғысында Даңқ Орденінің толық иегері атанған Ботай Байзақов тұрып, еңбек етті. Оның атында көше бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 45 км жерде.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Шет ауданы елді мекендері

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-geo-stub