Қызылқой
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қызылқой ауылы - Қарағанды облысы Шет ауданы Нұраталды ауылдық округіне қарасты 90 тұрғын үйі бар шағын ауыл. Теңіз деңгейінен 619 м биіктікте орналасқан. Ауылда 1 орта мектеп, 1 клуб үйі бар.
Өзендері: Қызылқой, Тескенсу, Шерубайнұра.
Климаты
Климаты шұғыл континентті. Жазда: макс. +40° С, мин. +10° С. Қыста: макс: -40° С, мин. 0° С.<ref>Қызылқой (Шет ауданы) | Фото Планета сайты</ref>
Халқы
Тұрғыны: 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 389 адам тұрады (194 ер адам, 195 әйел адам) Тұрғындардың негізгі кәсібі: мал шаруашылығы (ұсақ жандық, ірі қара, жылқы), мал азығын дайындау, аз көлемді егін шаруашылығы.