Қосқұдық сексеуілді орманы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қосқұдық сексеуілді орманы.jpg
Қосқұдық сексеуілді орманы

Қосқұдық сексеуілді орманы<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - Мойынқұм құмды алқабының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің сол жағалық аңғарындағы орманды алқап.

Географиялық координаттары

  • Жамбыл облысының Шу (шығыс бөлігі), Меркі (оңтүстік бөлігі) және Мойынқұм (басым бөлігі) аудандары жерлерін қамтып жатыр.
  • Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, енді жері 30 км-ге жуық..
  • Аумағы 3,5 мың км².
  • Алқаптың шағын бөлігі (0,6 мың км²) Шу өзенінің оң жағалық аңғарындағы Сексеуілдала даласында жатыр.
  • Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 330-400 м, абсалюттік биіктігі 444 м (алқаптың оңтүстік-шығысындағы Аязбай қыстауы маңы).

Қосқұдық сексеуілді орманының алқабында Мойынқұм ауданының орман шаруашылығы, сондай-ақ аудан орталығы Мойынқұм ауылы, т.б. елді мекендер, қыстаулар мен жайлаулар, суы тұщы құдықтар орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Палеоген кезеңіндегі тектоникалық қозғалыстың әсерінен әуелі Шу өзенінің аккумулятты жазығы қалыптасса, неогеннің 2-жартысында өзеннің аңғары толығымен қалыптасып, жазық далада құм төбелер пайда болған.

Климаты

Қосқұдық сексеуілді орманының климаты қоңыржай континетті:

  • қысы суық, жазы қуаң әрі азынақты ыстық, қаңтар айының жылдық орташа мөлшері -8-12°С, кейде ауа температурасы - 36°С-қа дейін төмендейді.
  • шілде айының жылдық орташа мөлшері 25-27°С, кейде ауа температурасы 42°С-қа көтеріледі.
  • жауын-шашынның орташа мөлшері 130-180 мм.
  • аясыз күннің орташа мөлшері 5,5 айға (170 күн) жетеді.
  • желдің жылдық орташа мөлшері 2,9-3,3 м/с, кейде оның жылдамдығы 20 м/с-қа дейін болады.

Топырағы

  • Орманның басым бөлігінің топырағы сортаңданған және құмдақты сұр топырақтан тұрады.
  • Құм төбелер арасындағы шұратты жерлерде грунт сулары жер бетіне жақын жатыр (1,5 м-ден 5 м-ге дейін).

Өсімдігі

Жануарлары

Жабайы шошқа (доңыз), ақкіс, сусар, ондатр, қасқыр, қызыл түлкі, борсық және т.б. жануарлар.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>