Қосшағыл (құмды алқап)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Қосшағыл құмды алқап.jpg
Қосшағыл құмындағы құмды шағылдар
Қосшағыл<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны және сипаты
- Алматы облысы Ақсу ауданы Құрақсу ауылынан батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Ақсу өзенінің аңғарында.
- Абсолюттік биіктігі 380 м.
- Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылған, енді жері 15-16 км шамасында.
- Бедері қырқалы-жалды келген.
- Төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінен түзілген.
- Батысында Өлкеқұм, шығысында Күшікқұм, оңтүстігінде Жалқұм құмдары жатыр.
- Құмды алқапта сексеуіл шоғырларымен бірге жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен өседі.
Дереккөздер
<references/>