Жалқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖалқұмСарыесікатырау құмының шығысындағы құмды алқап. Алматы облысы Ақсу ауданы жерінде, Ақешкі және Ақсу өзендері аралығында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 400 м, ұзындығы 60 км, енді жері 55 км. Жер бедері адырлы, қырқалы келген. Оңтүстікгін бойлай Қошқарбасы құмы орналасқан. Жалқұмда жыңғыл, шеңгел, жүзгін, теріскен, т.б. сораң өсімдіктер өседі. Жер бетіне жақын жатқан жер асты суы сәл кермек татиды. Құм қойнауы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub