Қостанай облыстық филармониясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қостанай облыстық филармониясы, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы – концерттік шығармашылық ұжым.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref> 1944 жылы құрылған. 1980 ж. Қазақстанның халық артісі Е.Өмірзақовтың есімі берілді. Филармонияның құрамында Орыс ұлт-аспаптар оркестрі, “Ақжелең” ұлттық фольклорлық ансамблі, “Костанайские зори” би ансамблі, “Славян әндері” ансамблі, “Сахара сазы” музыкалық ән-би ансамблі, үрмелі аспаптар квинтеті, эстрада және джаз музыкасы оркестрі, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыка, абонемент, “Тамаша” сатиралық театры, балаларға арналған музыкалық театр, “Акция” және “Дискотека” осы заманғы музыка ансамблі, “Обозрение” цирк клубы, “Ақ бидай” эстрадалық ансамблі, ардагерлер хоры бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}