Джаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Louis Armstrong restored.jpg
Луи «Сэчмо» Армстронг

Джаз (Үлгі:Lang-en) — музыка жанры. 19-20 ғасырлар шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің тұрмыс-салт билерімен, еңбек әндерімен, спири-чуэл және блюздарымен (лирик, әндер) астасып жатады. Д. музыка-сындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік, өрнектілік - африкалық халық музыкасына тән белгілер. Джаз музыкасының алғашқы орталығы - АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы. Мұнда 1910- 15 жылдары "джазбэнд" деген атпен зәңгілердің үрмелі аспаптар оркестрі ұйымдасып, орындаушылық өнердің өзгеше мәнері қалыптасты. 20 ғасырдың 30-жылдарында джаз музыкасыңда сивинг стилі пайда болды. 1940 жылдары джаз музыкасының табиғатын өзгерткен би-поп атты жаңа стиль пайда болды. Бұл стиль негізгі әуенге байланысы жоқ диссонанстық тақырыптарға, даңғырлақ дыбыстарға бой ұрды. Қазіргі джаз музыкасы екі бағытта - жарнамалық жеңіл музыка және жаңа көркемдік бейнелеу құралдарын іздеуге ұмтылған шығарма бағытта өрістеуде. Джазда классик, және қазіргі заман музыкасының белгілерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дәстүрдің байланысын сақтауға ұмтылды.

Д.Элингтон, Г.Шуллер, Дж.Льюис, М.Дейвис, Дж. Колтрейн, т.б. музыканттар - 20 ғ-дағы музыкалық өнерінің ірі шеберлері. Қазақстанда джаз өнері 1969 жылы Мемлекеттік радио және теледидар жанынан эстрадалық-симфониялық оркестрдің (жетекшісі Я.Ткаченко, дирижері В.Лисица) құрылуымен байланысты. Кейіннен Т.Ибрагимовтың басшылығымен джаздық "Бумеранг" тобы құрылды. Республикадағы кәсіби джаз өнерінің өкілдері: М.Ермолов, Г.Метақс, Э.Пашаев, Я.Хан, Т.Зарипов, Н.Байгөзов, Ж.Серкебаева, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>